Кіріспе. Курстың мақсаты, мазмұны және қҰрылымы



бет20/22
Дата27.03.2020
өлшемі1,15 Mb.
#60904
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
ВОРД 10 СЫНЫП
ВОРД 10 СЫНЫП

Көне жазулар. Қазақ жерінде жазу-сызу сақ дәуірінен бастап пайда болған сияқты. 1960 жылы Ертіс өзенінің оң қанатынан табылған б.з.д. V—IV ғасырларға жататын сақ дәуірінің марал сүйегінен жасалған тұмарда жазу болған. Оны ғалым Алтай Аманжолов оңнан солға қарай "Ақ сықын" — "Ақ марал" деп оқыған. 1970 жылы Есік қаласының түбінен табылған "Алтын адамның" қабірінен жазуы бар күміс тостаған шықты. Тостағанның сыртында екі жолға жазылған 26 таңба бар. Олар бір жағынан, көне түркілердің руникалық жазбаларына ұқсас, екіншіден, Жерорта теңізі төңірегіндегі көне алфавиттік таңбаларға, әсіресе грек, арамей әріптеріне ұқсас. Оны да А.Аманжолов көне түркі тілі сияқты оңнан солға қарай оқыған. Жазудың мазмұны мынадай екен: "Аға, саған (бұл) ошақ! Бөтен (жат ел адамы) тізеңді бүк! Халықта азық-түлік (мол болғай!)!" Зерттеушінің пікірінше, бұл сақ дәуірінде түркі тілінде жазылған, яғни бұдан 2500 жыл бұрын түркі тілдес сақ тайпалары әліпбиін жазуды білген. Өткен ғасырдың 60-жылдары Іле өзенінің оң жағасындағы Тайғақ шатқалынан көне тибет жазуы, көне грек әліпбиіндегі жазу табылды. Ғалымдардың пікірінше, грек алфавитімен жазылған жазудың сыртынан айналдыра тибет жазуын жазған. Жазуды грек әліпбиін білетін буддалық монах жазған болуы керек. Қарлұқтар заманында (VIII ғасыр) Жетісу жеріне келген тибеттіктер тау-тасқа өздерінің буддалық дұғаларын ойып жазған.



Руна әліпбиі

  Әліпби жазу дүниежүзілік мәдениетке қосылған үлкен үлес болып есептеледі. Көне түркілер алғашқы әріп жазуының бір түрі — руналық жазуды ойлап тапқан және пайдаланған. Көне түркі руналық жазуы Қазақстанда Талас, Ертіс, Сыр, Іле өзендерінің қойнауларында табылған. Бұл жазуларды алғаш зерттеп, оларды оқудың "кілтін" тапқан — Дания зерттеушісіВильгельм Томсен. Осы көне түркі жазуларын сыртқы нобайы жағынан Скандинавияның руналарына ұқсатып, бұл жазуларды да руналық, яғни "құпия" жазу деп атап кеткен.



 Тоныкөк жазу ескеркерткіші              

 

Ең алғаш табылып зерттелген түркі жазуы ескерткіштері Білге қағанға, Күлтегінге қойылған құлпытастардағы жазу. Көне түркі руна жазулары қашау әдісімен тасқа, түрлі бұйымдарға (ағаш қасық, күміс тостаған, ыдыс) ойып, сызып жазылған. Руналық жазбада 35 әріп бар, бұдан басқа төрт таңба лт, нт, нг,рт деген дауыссыз дыбыстар тіркесін береді. Жазу оңнан солға қарай оқылады. Түркі жазбаларына Тоныкөк (Улан-Батордың жанында) ескерткішіндегі жазулар да жатады.



Қазақстан жерінен табылғандары — Талас өзені бойынан табылған тас мөрдегі жазу Алматы облысындағы Кетпентауындағы тастағы жазулар (үш жерде), Есік қаласының түбінен табылған күміс тостағандағы жазу. 1960 жылы Сырбойындағы Шардара су қоймасын саларда ескі қамал орнынан саз балшықтан күйдіріліп жасалған түркі жазулы мөр табылды. 

Бұрынғы Семей облысының Үржар ауданынан, Шығыс Қазақстан облысының Шемонайха ауданынан көне түркі жазуы бар екі қола айна табылған. 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданынан табылған көне түркі жазуы жәнеЖайық өзені бойынан табылған қола айнадағы руна жазуының тарих үшін маңызы зор.   Көне түркі жазуларында, әсіресе құлпытастардағы жазуда Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған, т.б. сияқты түркі елбасыларының істеген ісі, түркі жұртының сол кездегі жағдайы, басқа елдермен қарым-қатынасы, олардың дүниетанымы сипатталады. Күлтегін ескерткішін оның ағасы Білге қаған қойғызған. Жазу мынадай сөздермен басталады: "Тәңірідей тәңірден жаралған Білге (дана) қаған бұл таққа отырдым. Сөзімді түгел естіңдер, жалғасқан іні-жиенім, ұлым, руым, халқым... Көңілдегі қандай сөзім болса, мәңгі тасқа жаздым. Оны көріп, сонша біліңдер!".Білге қаған тұсында түркі елі дәуірледі. Ол өте жігерлі, кайратты, әділ, ақылды елбасы болды. Ол жазуда өзі туралы былай дейді: "Түркі халқы үшін түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым. Қызыл қанымды, қара терімді ағыздым. Жалаңаш халықты киіндірдім, жарлы халықты бай қылдым, аз халықты көп қылдым". Ерте орта ғасырларда түркі халықтары өздерінің төл жазуымен бірге соғды жазуын да пайдаланған. Соғды жазуы дегеніміз — орта ғасылардағы парсы жазуы. Соғды жазуының өз тілдеріне икемделген нұсқасын түркілер алғашында "ұйғыр жазуы", кейінірек"найман жазуы" деп атаған.          Түркі халықтары ислам діні енген кезден бастап (VIII—XII ғасырлар) араб әліпбиін де қолдана бастайды.

Қарахан мемлекетінен бастап іс қағаздары араб әліпбиімен жүреді. Араб әліпбиімен хатқа түскен сол заманғы еңбектер мыналар: Махмұд Қашқари "Диуани лұғат ат-түрік", Жүсіп Баласағүни "Құтты білік", Қожа Ахмет Йасауи "Диуани хикмет", Сүлеймен Бақырғани "Хикмет", Рабғузи "Қиссауыл әнбия" ("Әулиелер дастаны", "Оғызнама" (IX—X ғасырлар),Әбілғазы Баһадүр "Түрік шежіресі", т.б. Көне түркі тілі, жазуы — бүгінгі өзбек, қазақ, ұйғыр, түрікмен, қырғыз, қарақалпақхалықтарына ортақ мұра. Түркі тілі, жазуы негізінде осы аталған қазіргі түркі тілдес халықтардың әдеби тілдері қалыптасты. Түркі тіліндегі осы деректерде айтылған жазулар тіл ғылымында руна жазуы деп аталған. Ол Скандинавия халықтарының тілі бойынша, сыры ашылмаған құпия жазу деген сөз. Бұл жазудың оқылу сырын ашқан — В.Томсен. Одан кейін Орхон жазуларын орыс тіліне аударған түрколог В.Радлов болды. Сөйтіп, XIX ғасырдың соңында руна жазуының кұпия сырының ашылуы ертедегі түркі тілдес халықтардың да өздеріне тән жазуларының болғандығын көрсетті.                                                                                        

Түркі жазуы бір-бірімен қосылмай жазылатын 38 әріптен тұратындығы белгілі. Кейбір ғылыми пікірлерге қарағанда, көне түркі жазуының пайда болуына соғда әріптері пайдаланылған немесе әсері тиген. Бұл екі жазудың әріптерін бір-бірімен салыстырып қараса, екеуінің бір-біріне ұқсас еместігін байқау онша қиын емес. Керісінше, түркі әліпбиінің көріністері олардың ру-тайпаларының таңбаларына ұқсас. Олай болса, "Түркі жазуының пайда болу негізі олардың таңбаларында жатқан жоқ па?" деген орынды сұрақ туады.           

Түркі дәуірінен қалған атақты "Күлтегін""Білге қаған" сияқты тасқа жазылған дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің қолымызға тиіп отыр. Қазақ халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет-ғұрып, салт-сана, діни-наным, сенім, мақал-мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бәрі-бәрі халқымыздың тірлік-тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар қазақ халқының ертеден келе жатқан бастауы.            

Түркі дәуіріндегі ескерткіштердегі жазулардан және бір байқалатыны — өздері мекен еткен географиялық аймақтың бағыттарын барлай білген. Шамасы, көшпелі өмірге байланысты мал шаруашылығының және табиғаттың ерекшеліктері ескеріліп отырған.



Түркілер өздері өмір сүрген кеңістіктің төрт бұрышын тек жаз жайлауы, қыс қыстауы, мал жағдайы үшін ғана біліп қоймай, өздерімен көрші жатқан мемлекеттермен байланыс, қарым-қатынас жасауда да, соғыс іс-әрекетінде де географиялықбағдарлау жасай білген.

Қазақ даласының даналары

 

 

Әл-Фараби (870-950 жж.). Отырар (Фараб) ойшылдарының ең атақтысы, топ жарғаны — "Шығыстың Аристотелі"атанған ұлы ғұлама Әбунасыр әл-Фараби. Оның толық аты-жөні — Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби. Түркі оқымыстылары Әбунасыр тегінің соңына кейде "әт-түрки" деген сөзді қосып, оның түркі текті екенін шегелей түседі.          

Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда, әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында, отырарлық әскербасының отбасында дүниеге келген.

Әл-Фараби алғашқы білімді Отырар медреселерінің бірінде алған. Өйткені көне дәуірден қалған бір деректерге қарағанда"Мәуереннахрда балаларды түрлі қолөнері мен ғылымға үйрету, баулу, оқыту, олардың бес жасар кезінен басталатын болған". Ол кезде мұсылман дүниесінің рухани орталығы Месопотамия болғандықтан, жас Әбунасырды ата-анасы Таяу және Орта Шығыс елдеріне сапарға дайындайды. Бірақ Әбунасыр Бағдатқа бармастан, жолай Шаш пен Самарқан,Бұхара шаһарларында білімін толықтырады. Әбудің мұнда қанша болғаны жайлы араб шежірешілері ештеңе айтпайды. Кейін ол Иран еліндегі Мешһед, Нишапур, Рей, Исфаһан қалаларына келеді, халқының мәдениетімен танысады. Содан соң әрі қарай Бағдатқа аттанады. Әл-Фараби логика, әуез (музыка), астрономия және басқа ғылымдар бойынша көптеген еңбектер жазған. Ибн Хаукаль өз еңбегінде әл-Фараби жайлы: "Ол — аса ірі мұсылман философтарының бірі. Олардың ешқайсысы да оның деңгейіне жеткен жоқ. Әбу әли ибн Сина да (9801037 жылдары) өзінің шығармаларын жазу үстінде оның еңбектерін пайдаланғанын, сол арқылы мәшһүрлікке қолы жеткенін еске алады", — деген.                                                              



Әл-Фараби өздігінен оқып-жетілген ғалым. Ол, ең алдымен, грек ғылымын, оның философиясын, әсіресе ұлы ұстазыАристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Ибн Халиқанның айтуына қарағанда, Әбунасыр Аристотельдің "Meтoфизикacын" қырық, "Жан туралы" еңбегін жүз, ал "Риторикасын" екі жүз рет оқып шығыпты. Осындай ыждаһаттылығының арқасында ғана ол Аристотельдің ғылыми мұрасын еркін игерген. Әл-Фараби педагогика, психология, эстетика мен акустика,астрономия мәселелерін де терең зерттеп, мәдениет пен ғылымға жемісті үлес қосқан. Сондай-ақ ол парасаттылық пенағартушылықты жақтаған үлкен гуманист. Әбунасыр — халықтарды бейбіт өмір сүруге, достыққа шақыра отырып, адам баласының білім мен парасатты ойын терең бағалаған кемеңгер. Әбунасыр метофизика, тіл білімі, логика, география, этика, т.б. ғылым салаларын қамтитын жүз елуге тарта трактаттар жазып қалдырыпты.

 

 

Жүсіп Баласағұни (1015-1075 жж.). XI ғасырдағы аса көрнекті ғалымдардың бірі. Толық аты — Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни. Ғалым өзінің атақты дастаны "Құтадғу білік" (Құтты білік) еңбегімен белгілі. Ғалым еңбегінде түркі тілдес халықтардың тарихы мен қоғамдық-саяси өмірі, әдет-ғұрпы, наным-сенімдері туралы мағлұматтар береді. Жүсіп Баласағұни ғылымның табиғаттану, математика, астрономия, тарих, араб, парсы тілі білімі сияқты салаларымен де айналысқан.

Жүсіп Баласағұни, аты-жөніне қарағанда, Қарахандар мемлекетінің көрнекті қаласы және астанасы болған Баласағұнқаласында дүниеге келген. Атақты дастанын Баласағұн қаласында бастап, Қарахандар мемлекетінің шығыс бөлігінің астанасы Қашқарда аяқтаған.

Бұл кез Қарахандар мемлекетінің саяси жағынан бытыраңқылыққа ұшырап, екіге бөлінген кезі. Ақын өзінің атақты дастанын Боғра ханға сыйға тартқан. Бұған риза болған хан Жүсіпті сарайдағы уәзірлердің үстінен қарайтын үлкен қызметке сайлаған. Хас Хажиб деген үлкен атақ немесе бас уәзір деген сөз оның атына осыдан қосылса керек. Жүсіптің басты көңіл бөлген мәселесі — мемлекеттің саяси-қоғамдық және мәдени мәселелері болған. Ол өзінің еңбегінде: "Арабша, тәжікше кітаптар көп, ал бұл — біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинағы", — деп, түркі тіліндегі кітаптардың жоқтығын айтады.



Бұл кітап ел арасында тез тарап, авторы тірі кезінде-ақ абыройлы атаққа ие болған. "Құтадғу білік" орта ғасырлар ескерткіштерінің ең көлемдісі және көркемдігі жағынан зерттеушілерін таң қалдырған әдеби-көркем туынды. Орталық Азиямен Қазақстан жерін мекендеген түркілер мәдениетінің жарық жұлдызы деп атарлық әдеби мұра.

 

 Махмұд Қашғари (ХІ ғасыр)

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет