Берілгендерді ұяшыққа енгізу үшін ұяшықты белгілеп, оған клавиатура көмегімен берілгендерді енгізу керек. Берілгендер ұяшықта және редакциялау жолында көрсетіледі.
Берілгендерді енгізу кезінде формула жолының сол жақ бөлігінде үш батырма тұрады, олар: қызыл крест, жасыл белгі «=» белгісі. Егер қызыл кресті батырманы шертсеңіз, онда енгізу тоқтатылып, ұяшыққа енгендер - өшіріледі.
Енгізуді аяқтау үшін Enter–ді немесе курсорды бағыттаушы пернелердің біреуін басу керек. Берілгенді енгізу аяқталады және жұмыс істеп тұрған ұяшық келесіге ауысады.
Кез келген электронды кестенің ұяшығына:
сан;
формула
мәтіндік (алфавиттік-сандар) ақпараттарды енгізуге болады. Сан. Үнсіз келісім бойынша сан ұяшықтың оң жақ шетіне тураланады.
Формулалар. Егер сіз «=» белгісімен басталатын символдар тізбегін терсеңіз, онда Excel оларды формула деп қабылдайды.
Формула бір жолға барлық амалдар белгісі қолданылып және символдар тізбектеліп, бірінен кейін бірі жазылады. Мысалы, сіз ұяшыққа Д5 формуласын енгіздіңіз: =А5+B5+C5.
Бұл ұяшықтың мәні В5 және С5 көбейтіндісін А5 ұяшығындағы мәнге қосқанда шығатын санға тең болады.
Мәтін. Егер сіз сан немесе формула емес символдар тізбегін терсеңіз, онда Excel оны мәтін, яғни символдық ақпарат ретінде қабылдайды.
Электрондық кестедегі формулалар. Функцияларды қолдану.
MS Excel-де кез келген формуланың «=» белгісінен басталатынын білеміз. Мысалы, сіздің оқу кестеңізде әрбір қызметкердің үш айға қанша сыйақы алатынын есептеу керек. Ол үшін Е3 ұяшығына =В3+С3+D3 формуласын енгіземіз, әйтпесе Excel- дегі дайын формуланы қолданса да болады. Мұндай ұзын формуланың орнына =СУММ (В3:Д3) формуласын енгізсе болғаны.
Электронды кестеде қосу (СУММ) функциясы жиі қолданылады, сондықтан Стандартты аспаптар тақтасында белгісінің батырмасы қарастырылған. Жалпы қосындыны білу үшін қосылатын ұяшықтардың аумағын белгілеп, Автоқосынды (Автосумма) батырмасын шертіңіз.
Қорытылып шығатын формулаларды енгізу үшін Функция шебері (Мастер функции) диалогтік терезесін қолдануға болады. Ол функцияны енгізіп қана қоймай, күрделі есептеулерді де орындайды.