Қорытынды мәліметтер Жұмыс туралы қорытынды ақпаратты Файл → Қасиеттер (Файл → Свойства) сұхбаттасу терезесі көмегімен алуға болады. Бұл терезе кейіннен файлды іздеуді оңайлататын ақпараттар мен ескертулерді есте сақтайды. Егер «Қасиеттер» терезесінің жолына әр файл туралы тұрақты күйде ақпарат енгізіп отыратын болсақ, кейіннен файлдарды көбейтіп, оның аты, бумасы ұмытылып кетсе де, оларды іздеп табу қиынға соқпайды. Сондай сәттерде бұрын енгізілген «Қасиеттер» терезесіндегі мәліметтердің қадірін түсінуге болады. Енді осы терезені толығырақ қарастырайық. Терезедегі «Жалпы» және «Статистика» парақтары адамдардың қатысысуынсыз – ақ өздері автоматты түрде толтырылады. Сонымен «Қасиеттер» сұхбат терезесін толтыру үшін төмендегі әрекеттерді орындаймыз.
Файл → Қасиеттер командаларын таңдаймыз. «Қасиеттер» сұхбаттасутерезесіпайдаболады.
«Құжат» парағына өтіп, ондағы жолдарға тиісті мәліметтер енгізу қажет. «Құжат» (Документ) парағына Тақырып, Автор, Мекеме, Топ, Өзекті сөздер, Ескертпе сияқты жалпы мағлұматтарды жинайды. Бұл мағлұматтарды әркім жұмыс барысында өзі енгізіп, онда 255 таңбаға дейінгі әртүрлі мағлұматтардан тұратын сөз тіркестерін толтыруға мұмкіндігі бар.
«Статистика» парағымынадай мәліметтер береді: Құжаттың дайындалған, өзгертілген, ашылған уақыты; Кім дайындады, қанша уақытта түзетілді, кім сақтады; «Статистика» бөлімінде құжаттың қанша беттен, абзацтан, жолдан, сөзден, символдан, байттан тұратыны туралы жазылған мәлімет болады.
«Қасиеттер» терезесін толтыру қажет те емес сияқты болуы мүмкін, бірақ файлды іздеп табу процесінде оны дер кезінде толтырудың қандай маңызы бар екенін толық түсінуге болады.
MSExcel - сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office –тің құрамына кіретін программа. MS Excel-дегі ыңғайлцы аспаптардың көмегімен алынған сандық мәндерді талдауға, сонымен қатар олардың нәтижесін кесте түрінде беруге болады. Есептеу кезінде 400-ден аса математикалық, статистикалық, қаржылық және басқа да арнаулы функцияларды, әр түрлі кестелердің өзара байланыстарын қарастыруға болады.
MS Excel-дің қосылуы бірнеше әдістермен жүзеге асады. MS Excel қосылғаннан соң MS Excel терезесі ашылады. Бас меню де, негізінен, басқа да Microsoft Office программаларындағы бөлімдерден құрылған.
Оның Word менюінен өзгешелігі, Кесте орнына Мәлімет (Данные) алмастырылған. Жұмыс кітабы. Microsoft Excel файлы жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы терезенің төменгі жағына аттары таңбаша арқылы берілген парақ қаттамасының жұмыс
парағынан тұрады.
Жұмыс парағы 256 бағаннан және 65 536 жолдан тұратын кесте түрінде беріледі. Жолдар сандармен нөмірленген, ал бағандар әріптерден және әріп комбинацияларынан тұрады. Алфавиттің 26 әрпінен кейін АА, АВ т.с.с. әріп комбинациялары басталады.
Әрбір ұяшықтың жол атынан және баған атынан құрылған адресі болады. Кестенің әрбір ұяшығының мекені баған мен жол қиылысында орналасқан. Мысалы, егер ұяшық F бағанында және 7 жолында орналасса, онда оның мекені F7.