Электрондық кесте құру. Құжатты редакциялау, ақпаратты басып шығару.
Электрондық кесте – ұяшыктарында деректер (мәтіндер, сандар, формулалар) жазылған кәдімгі кестенің компьютерлік бейнесі.
ЭК-дегі мынадай типті деректерді енгізуге болады: мәтіндік, сандық, формулалық (туынды ақпаратты есептеу үшін), датасын және уақытын көрсететін болуы мүмкін.
Мәтіндік жазбалар әріптердің, сандардың және арнайы символдардың, қандай да болса тізбегі. Егер бірінші символ тырнақша, апостраф, бос орын немесе цифрлар кезектесіп келсе, онда мәтін ретінде қабылданады.
Microsoft Excel бағдарламасы қарапайым есептеулерді оңай орындауға мүмкіндік береді. Алу, қосу, көбейту және бөлу амалдарынан басқа, бұл бағдарлама мәндер жинағында орташа арифметикалық мәні мен жалпы қосындысын есептеп шығара алады. Негізгі арифметикалық амалдар көмегімен кірістер мен шығыстарды біле отырып, түскен пайда шамасын немесе қызметкер қанша сағат жұмыс істегенін және бір сағатқа қанша төленетінін біле отырып, оның еңбекақысын және т.б. есептеуге болады.
Автотолтыру. Мәтіндік мәліметтерді автоматтандыру үшін авто толтыру әдісін қолданады. Оны жұмыс парағының бір бағанына бірнеше рет қайталанатын мәтіндік жолды енгізгенде пайдаланады. Мәтінді енгізу кезінде программа оны жоғарғы жолдармен салыстырып, бірдей элементтер кездессе автоматты түрде толтырады.
Excel-дің объектілерімен өңделген xls кеңейтілуі түрінде берілген файл оның құжаты болып табылады. Excel-де құрылған файл жұмыс кітабы болып табылады. Әр файл 1 ден 255 дейін жұмыс парағы деп аталатын электрондык кестеден тұрады. Әр парақ 65 536 қатардан және 256 бағаннан тұрады. Қатарлар бүтін сандармен нөмірленеді, ал бағандар латын алфавитінің А,В,С,...,АА,ВВ әріптерімен белгіленеді. Баған мен жолдың қиылысында ұяшық – деп аталатын кестенің негізгі элементі орналасады. Курсор тұрған екпінді үяшыққа сандар мен мәтін енгізуге болады. Ұяшықтың адресі немесе координатасы бағанның аты мен қатардың нөмірі арқылы анықталады. Мысалы: А1, С20.
т.с. меншіктелген. Сол парақтарға ат қою дұрыс. Ол үшін мына әрекеттерді орындаймыз.
Қандай да бір парақтың таңбасында маустың оң жағын шертіңдер.
Переименовать командасын таңдағанда сонда ол қара түспен ерекшеленеді. Жаңа ат енгізу қажет.
Бағанныңенінжәнежолдыңбиіктігінөзгерту Кестенің ұяшығына мәтін енгізгенде көбінесе мәтін ұяшық шекарасына сыймай қалады. Бағанның енін маустың көмегімен өзгертуге болады немесе Формат-Строка(Столбец)-Ширинакомандасын таңдау керек.
Жұмыс кестесінің беті бойы бойынша орын ауыстыру. Кестенің жұмыс беттерінің ауыстырылуы. Кесте бетінің таңбасының атын өзгерту. Бағанның енін және жолдың биіктігін өзгерту.