Кіріспе Microsoft Office Word


Ұяшыққа функцияларды енгізу үшін



бет10/19
Дата27.01.2023
өлшемі331,91 Kb.
#166572
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
v3 (1)

Ұяшыққа функцияларды енгізу үшін:


  • формула енгізетін ұяшықты белгілеу;

  • Функция менюіндегі Қою батырмасының көмегімен Функция шебері (Мастер функции) диалогтік терезесін шақыру.

  • Функция шебері диалогтік терезесіндегі Категория өрісінде функцияның типін, содан кейін функция тізімінде Функцияны таңдау керек;

  • ОК батырмасын шертіңіз.

Формулаларды көшіру. Көшіру кестеге бір типтес формулаларды енгізуді жеңілдетеді. Формулаларды көшіру батырмасында ұяшықтарға салыстырмалы жіберу автоматты түрде өзгереді.

Графика мен диаграмма тұрғызу. Диаграммалар шебері. Диаграммаларды баспаға дайындау.


Диаграмма-бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі.
Диаграмма сандық мәліметтердің өзгеруін айқындап көрсетуге мүмкіндік береді. Excel диаграмманы гистограммалар, бағандар, пирамидалар, конустар және т.б. түрінде құруға мүмкіндік береді.
Оларға түсініктеме мәтін, тақырыптар және т.б. қосуға болады.
Диаграмма-бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі.
Әрбір енгізілетін мәліметтерге құрылатын диаграмманың түрін таңдау өте маңызды.
Дөңгелек диаграмма бірнеше шамаларды салыстыру үшін қолданылады. Егер бірнеше шаманың қосындысы 100 % -ды берсе, онда бұл диаграмма өте көрнекі шығады. Дөңгелек диаграмма барлық жағдайда ақпараттың нақтылығын көрсете алмайды. Мысалы, дөңгелек бірнеше бөлімге бөлініп, олардың өлшемдері бірдей болуы мүмкін.
Гистограмма бірнеше шаманы бірнеше нүктеде салыстыру үшін қолайлы. Берілген диаграмма бағандардан тұрады. Сондықтан оны кейде бағанды диаграмма деп атайды. Бағандардың биіктігі салыстырылатын шамалардың мазмұнымен анықталады. Біз қарастырған мысалда бағанның биіктігі отбасының бір аптадағы азық-түлік және өндіріс тауарлары шығындарының ақшалай мөлшерімен анықталады. Әрбір қатар тірек нүктесімен байланысқан. Біздің жағдайда тірек нүктесі аптаның бір күніне сәйкестендірілген.
График (түзу диаграмма) бірнеше шамалардың бір нүктеден екіншісіне ауысқандағы өзгерістерін бақылап мотыруға ыңғайлы. Гистограммадан айырмашылығы, баған орнына олардың биіктігі (квадратпен, ромбымен) белгіленіп көрсетіледі және алынған белгілер түзу сызықпен қосылады.

Диаграмманы құру үшін:



  • диаграмма құратын мәліметтерді енгізу;

  • диаграмма құруға қажет мәліметтерді жұмыс парағында белгілеу;

  • Қою менюіндегі Диаграмма командасын таңдау немесе стандарт аспаптар тақтасындағы батырмасын шерту.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет