Мазмұны
Кіріспе................................................................................1-2 бет
Негізгі бөлім. Microsoft Office Word..............................3-11бет
MS Excel........................................................................12-17 бет
Microsoft PowerPoint.....................................................18-20 бет
AutoCAD........................................................................21-29 бет
Қорытынды.........................................................................30 бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................31 бет
Кіріспе
Microsoft Office Word (күнделікті — MS Word, Win Word немесе жай ғана Word) – Macintosh компьютерлерінде және Windows, DOS ортасында жұмыс істейтін, қазіргі кезде кең таралған, ең қуатты мәтіндік процессорлардың бірі. Құжаттарды даярлауға, түзетуге, қарап шығуға, баспаға шығаруға арналған Windows ортасының қолданбалы программасы. Оның соңғы нұсқалары шағын баспа жүйесі ретінде кітап, газет- журналдар шығаруда кеңінен қолданылады. Microsoft Office Word дегеніміз компьютерде құжаттар жасауға мүмкіндік беретін бағдарлама болыпт абылады. Суреттер немесе өң сияқты түрлі-түсті фотосуреттер немесе көрнекі суреттер пайдаланып әдемі мәтін жасау және карталар мен кестелер сияқты деректер қосу үшін Word бағдарламасын пайдалануыңызға болады. Оған қоса, Word бағдарламасы мәтін жасау үшін түрлі көмекші мүмкіндіктерді береді, олардың көмегімен мақалалар немесе есептер сияқты іскери құжаттарды оңай аяқтай аласыз. Сондай-ақ, ашық хат немесе хатқалта мекен жайларын басып шығаруыңызға болады. Word бағдарламасы құжаттар, электрондық кестелер мен көрмелер жасауға және электрондық поштаны басқаруға арналған бағдарламаның бірнеше түрлерін біріктіретін «Office» бумасының бір бөлігі болып табылады.
Microsoft Еxcel – Excel жай ғана бағдарлама емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті диаграмммалар тұрғызып, жүргізуді қамтамасыз ете алады. Excel мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолданылады. MS Excel программасы кесте түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеу үшін арналған. Сол себептен бұл программа электрондық кесте деп аталады. Кестелерді өңдеу мынадай іс-әрекеттерден тұрады.
Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізу.
Түрлі-түрлі функциялардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу.
Тиімді ету мәселелерін шешу.
Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдап алу.
Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу.
Мәліметтерді статистикалық талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |