Кіріспе Микробиологияның даму тарихы



бет24/69
Дата18.12.2023
өлшемі177,17 Kb.
#197487
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция (копия)
zharaskyzy, ҚТЖ - 6 ДТ, накты талдау, Мат.анализ под редакцией Демидович, aza-tlnen-10-synypa-arnalan-orytyndy-test-tapsyrmalary, микробиология лекция, Латын, мейіргер ісі сөзжұмбақ
Артюс-Сахаров феномені – аллерген тері астына қайта енгенде пайда болатын жергілікті реакция. Бұл реакция тәжірибеде адамдарда әр түрлі заттарға сезімталдығын анықтауға қолданылады. Енгізген жерде қызару мен ісінудің пайда болуы организмнің жоғары сезімталдығын көрсетеді.
Қансарысу ауруы – адамға бөтен қансарысуын енгізгенде пайда болады. Енгізгеннен кейін бірден анафилактикалық шок түрінде болуы мүмкін. Кейде үлкен доза енгізгенде 8-12 күннен кейін теріде бөртпе, қышыма пайда болады, буындар ауырады, лимфа түйіндері ісінеді, қызу көтеріледі. Бұл белгілер бірнеше күннен кейін кетеді.
Қансарысу ауруының алдын - алу үшін қансарысуды Безредко әдісімен енгізу керек.
Атопиялық реакциялар - енген аллергенге қарсы жоғары сезімталдығы бар адамдарда болады. Қарсыдене жабысқан мүшеде әртүрлі жағдайлар болады: тыныс жолдарының зақымдануы - бронхиалды астма, көздің кілегей қабатының зақымдануы- коньюктивит, терінің зақымдануы- крапивница.


Патогенді коккалар.


Коккалар- бұлар микроорганизмдердің патогенді, шартты патогенді және патогенді емес кең тараған топтары.
Берги классификациясы бойынша патогенді коккалар 3 топқа «туысқа» бөлінеді:

  1. Micrococcaceae- Staphylococcus туысы «стафилококктар».

  2. Streptococcaceae- Streptococcus туысы «стрептококктар, пневмококктар».

  3. Neisseriaceae – Neisseria туысы «менингококктар, гонококктар».

Барлық патогенді коккалардың жалпы белгісі - олардың іріңді процесстер туғызу қабілеті, сондықтан оларды іріңді қоздырғыштар деп атайды.
Барлық патогенді коккалар қозғалмайды, спора түзбейді. Пневмококкалардың капсуласы болады.
Тинкториялды қасиеті бойынша олар Грам оң (стафилококк, стрептококк, пневмококк) және Грам теріс (менингококк, гонококк) болып бөлінеді.
Іріңді қоздырғыш патогенді коккалар өзара қоректік ортаға мұқтаждығына және биохимиялық белсенділігіне қарай бөлінеді.
Қоректік ортаға мұқтаждығы аз, бірақ биохимиялық белсенділігі көбірек- стафилококктар. Қоректік ортаға мұқтаждығы көбірек, ал биохимиялық белсенділігі аздау- гонококктар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет