Кіріспе Микробиологияның даму тарихы



бет25/69
Дата18.12.2023
өлшемі177,17 Kb.
#197487
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция (копия)
zharaskyzy, ҚТЖ - 6 ДТ, накты талдау, Мат.анализ под редакцией Демидович, aza-tlnen-10-synypa-arnalan-orytyndy-test-tapsyrmalary, микробиология лекция, Латын, мейіргер ісі сөзжұмбақ
Стафилококктар.

Ең бірінші рет стафилококктарды 1897 жылы Л. Пастер анықтаған.


Морфология. Стафилококк (грек сөзі Staphyll жүзім шоғыры ) дөңгелек шар тәрізді d-0.5-1.5 мкм көбейіп, жүзімше шоғырланып орналасады, ал іріңде біреуден немесе екеуден кездеседі. Стафилококктар қозғалмайды, спора түзбейді. Арнайы жағдайда өсіргенде микрокапсула түзеді. Грам оң.
Культивирлеу. Стафилококктар факультативті анаэробтар, бірақ оттегімен де жақсы өседі. Жәй қоректік орталарда өседі және көбейеді, қанды қоректік ортада жақсы өседі. Қалыпты жағдай-температура 37 градус, рН-7,2-7,4.
Өсімде стафилококк пигмент құрайды: алтын түсті, лимонды – сары және ақ. Стафилококктың пигменті суда ерімейді, ацетонда, спиртте, эфирде ериді. Ферментативті қасиеті. Стафилококктар қант ыдырататын және ақуыз ыдырататын фермент өндіреді. Қант ыдырататын фермент лактозаны, глюкозаны, сахарозаны, мальтозаны, глицеринді қышқылға дейін ыдыратады. Ақуыз ыдырататын қабілеті казейінді, желатинді ерітеді. Стафилококктер патогенді ферменттер де өндіреді:

  1. Коагулаза

  2. Гиалуронидаза

  3. Лецитиназа

  4. Фибринолизин

  5. ДНҚаза

  6. Фосфатаза

Плазмакоагулазаның болуы алтынтүсті стафилококкты басқа стафилококктан ажыратуда маңызды. Көптеген стафилококктар пеницилинді бұзатын пинициллиназа өндіреді.
Токсин түзуі. Стафилококктар экзотоксин түзеді, оған 4 түрлі гемолизин жатады, соның ішінде ең маңыздысы α- токсин, оның қасттері:

  1. Гемолитикалық – эритроциттердің гмолизін тудырады.

  2. Теріні жансыздандыру- яғни тері астына енгізгенде теріні жансыздандырады.

  3. Соңы қазалы- яғни жануарлар тамырына енгізгенде оны өлтіреді.

Сонымен қатар стафилококктар: лейкоцидин - лейкоциттерді өлтіреді, энтеротоксин - тамақпен улану, эксфолиативті - жаңа туған нәрестенің терісін зақымдайтын токсиндер өндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет