Алдын-алу шаралары. (профилактика) ауруханалардың дұрыс жұмыс істеуі, санитары - гигиеналық және тұрмыстық жағдайларды жақсарту, ауруларды және бактериятасымалдаушыларды уақытында анықтау.
Арнайы алдын-алу шаралары. (специфическая профилактика) стафилококкты анатоксин және стафилококке қарсы иммуноглобулин.
Емі: антибактериялды препараттар, стафилококкты бактерифаг, стафилококке қарсы плазма және иммуноглобулин. Кейбір созылмалы түрінде аутовакцина қолданылады.
Микробиологиялық зерттеу.
Зерттеу мақсаты: Стафилококктерді анықтау және ажырату.
Зерттеу материалдары: 1. Ірің (фурункул, карбункул, абсцесстер);
2. Аңқадан шырыш (ангина);
3. Қақырық (пневмония);
4. Зәр (пиелит, цистит);
5. Қан (сепсис- қанға таралу);
6. Құсық, асқазан жуындысы, ас қалдықтары
(тамақпен улану);
7. Мұрыннан шырыш
(бактериятасымалдаушыны анықтау).
Материалды алу тәсілдері.
1. Ірің - ашық жаралардан стерильді, тампонмен, ілмекпен, пипеткамен алады, жабық абсцесстерден - стерильді шприцпен алады.
2. Мұрыннан, аңқадан шырышты – стерильді тампонмен алады.
3. Қақырық – стерильді ыдысқа жинайды.
4. Зәр – стерильді ыдысқа ертеңгі зәрді катетермен алады.
5. Қан – тамырдан 10 - 15 мл.
6. Құсық – стерильді ыдысқа жинайды.
7. Асқазан жуындысы – стерильді ыдысқа жинайды.
Негізгі зерттеу әдістері: 1. Микроскопиялық
2. Микробиологиялық
3. Биологиялық
Стрептококктар
Streptococcus тұқымының St. pyogenes (гемолитикалық) және St. Pneumoniae (пневмококк) жатады.
Бірінші рет стрептококкты 1874 жылы Бильрет 1879 жылы Л.Пастер анықтаған. 1884 жылы оны Э.Розенбах зерттеген.
Streptococcus pyogenes.
Морфология. Шар тәрізді коккалар d - 0.6 – 1 мкм, полиморфты яғни ірі және ұсақ түрлері болады, тізбектеліп орналасады, тізбектің ұзындығы әртүрлі. Қатты қоректік ортада тізбек қысқа, ал сұйық ортада тізбек ұзын болып келеді. Стрептококктар қозғалмайды, спора түзбейді. Жаңа пайда болғандарында капсула болады. Грам оң (+)
Культивирлеу. Стрептококктар факультативті анаэробтар. 37 градус температурада және рН -7,6- 7,8 ортада өседі. Қалыпты өсу ортасы - қан және қансарысу орталары.
Қатты қоректік ортада стрептококкалар колониясы ұсақ, жалпақ, лайланған сұрғылт түсті. Қанды агарда кейбір стрептококкалар гемолиз тудырады. Қантты сорпада стрептококкалар қабырғасында және түбінде тұнба қалдырып өседі, ал сорпасы мөлдір болып қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |