Талшықтылар – таяқша тәрізді бактерияларда кездеседі, қозғалыс қызметін атқарады, олар жіңішке жіпше тәрізді ақуыз – флагелиннен тұрады.
Талшықтылар орналасуына байланысты 4 түрге бөлінеді:
1. монотрихтар – бір талшықты бір жақ шетінде.
2.амфитрихтар – екі жақ шетінде бір немесе бірнеше талшықтан тұрады.
3.лофотрихтар – бір шетінде бірнеше талшықтан тұрады.
4.перитрихтар – барлық жағында орналасқан талшықтар.
Пили– бактерия бетінде орналасқан түктер, олар талшықтардан қысқа және жіңішкеболып келеді, ақуыз – пилиннен тұрады, олар бактериялардың жасушаларғажабысу қызметін атқарады.
Микоплазмалар – бұл жасуша қабырғасы жоқ, 3 қабатты липопротеидті цитоплазмалық мембранадан тұратын жасуша. Микоплазмалар Берги классификациясы бойынша бөлек топқа бөлінген. Олардың мөлшері бірнеше микрометрден 125-150нм дейін, түрі сопақша, жіңішке, жұлдызша тәрізді болып келеді.
Риккетсиялар- бұл мөлшері 0,2 ден 30мкм дейін жететін микроорганизмдер. Олар дабактериялар сияқты 2 қабатты қабықшадан, цитоплазмадан, нуклеоидтан тұрады. Пішіні шар тәрізді, таяқша тәрізді, жіпше тәрізді болады. Олар тек тірі жасушаішінде дамиды. Оларды тасымалдаушылар – кенелер, биттер, бүргелер.
Актиномицеттер немесе сәулелі саңырауқұлақтар – ұзын, бұтақтанатын мицелилері болады. Актиномицеттер басқа микроорганизмдер сияқты табиғатта кең тараған және олардың маңызы зор болады. Топырақта олар әр түрлі заттардың айналымына белсене қатысады. Бірқатар актиномицеттерден науқасқа шипа дәрілер алынады.
Вирустар– жасушалық құрылысы жоқ өте ұсақ ағзалар. Олар вириондар деп аталады. Мөлшері 15-400нм. Вирионның қабықшасы ақуызды зат – капсидтен тұрады. Ішінде нуклейн қышқылы – ДНК немесе РНК болады. Нуклеин қышқылына байланысты вирустар – 2-ге бөлінеді:
1) ДНК-дан тұратын вирустар.
2)РНК-дан тұратын вирустар.
Пішіні бойынша 3 түрлі болады: куб тәрізді, спираль тәрізді, таяқша тәрізді.
Сәуле беретін және хош иіс бөлетін микроорганизмдер.
Микроорганизмдер арасында сәуле бөлетін микробтар кездеседі. Олар екпінді тотығу процессінің әсерінен энергия бөлінуімен байланысты. Теңіз суының жалтырауы, балықтардың қабыршақтарының жалтырауы, шіріген ағаштағы жалтырауықтар оларда сәуле бөлетін бактериялардың бар екенін көрсетеді. Барлық сәуле бөлетін бактериялар аэробтарға жатады. Сәуле бөлетін бактериялар жасыл немесе көкшіл түс береді. Сонымен қатар хош иіс бөлетін микроорганизмдер де анықталған. Олар тамақ өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Олар виноларға, майларға, сырларға әртүрлі хош иіс береді. Кейбір микроорганизмдер тіршілік барысында органикалық заттардың бөлінуіне байланысты жағымсыз иістер шығарады (индол, күкірттісутек).
Достарыңызбен бөлісу: |