Кіріспе Микробиологияның даму тарихы



бет56/69
Дата18.12.2023
өлшемі177,17 Kb.
#197487
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция (копия)

Алдын - алу шаралары – жарақаттарды хирургиялық өңдеу.
Арнайы шаралар – анатоксин қолданылады. Серопрофилактика үшін гангренаға қарсы сарысу қолданылады. Сонымен қатар анаэробты фагтар да қолданылады.
Емі. Антитоксикалық сарысу 50.000 МЕ венаға енгізіледі. Сонымен қатар антибиотиктер: пенициллин, сульфаниламидты препараттар, оксигенотерапия.
Микробиологиялық зерттеу.
Зерттеу мақсаты. Анаэробты қоздырғыштары, олардың токсиндерін анықтау.
Зерттеу материалы.
1.жарақаттан қабыну сұйықтығы
2.жарақаттан өзгерген тіндердің бөлігі
3.жарақатқа түскен бөгде зат
4.қан
Негізгі зерттеу әдісі.
1.микроскопиялық
2.бактериологиялық
3.биологиялық

Сіреспе.


Морфологиясы. Сіреспе қоздырғышын Clostridium tetani мөлшері 4 – 8*0,4 – 1 мкм шеттері дөңгелектенген таяқшалар. Қозғалмалы, талшықтары перитрихты. Капсуласы жоқ. Шар тәрізді спора түзеді, ол терминалды орналасқан. Грам оң.
Культивирлеу. Сіреспе қоздырғышы – анаэроб. Оттегіге сезімтал. Арнайы қоректік орталары: Вейнберг ортасы, Виллис және Хоббс ортасы, Китта – Тароцци ортасы. Сіреспе қоздырғыштары 35 – 37 градус температурада рН 6,8 – 7,4 өседі. Тығыз қоректік ортада өсім 3 - 4 – ші күні пайда болады. Өскен колония сұрғылт түсті, беті бұдыр тегіс емес - R – түрлі. Қанды ортада колонияның айналасында гемолиз аймағы болады. Китта – Тароцци ортасында өсім лайлы. Вильсон – Блер ортасында өсім қараяды.
Ферментативтік қасиеті – төмен. Көмірсутекті ыдыратпайды, сүтті жәй ұйытады, желатинді жәй ерітеді. Фермент - фибрилизин құрайды.
Токсинтүзуі. Күшті экзотоксин өндіреді, ол 2 компоненттен тұрады.
1.тетаноспазмин
2.тетанолизин
Тетаноспазмин жүйке клеткаларын зақымдап, бұлшық еттерді жиырады.
Тетанолизин эритроциттерді гемолиздайды.
Антигендік құрылымы. 10 серовардан тұрады. Н – антиген бойынша сероварға, О - антиген бойынша серотопқа бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет