Кіріспе Микробиологияның даму тарихы


Жануарлардың қабылдаушылығы



бет59/69
Дата18.12.2023
өлшемі177,17 Kb.
#197487
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция (копия)

Жануарлардың қабылдаушылығы. Жануарлар тырысқақпен ауырмайды.
Инфекция көзі және таралу жолдары. Инфекция көзі – ауру адам және бактериятасымалдаушы. Адам азық – түлік, су, заттар арқылы жұқтырады.
Патогенез. Вибрион ауыз арқылы асқазанға түсіп, қышқыл ортада өледі, кейбіреуі ішекке өтіп, сілтілі ортада көбейеді. Ішектің кілегей қабатында вибриондар мен токсиндер жиналады. Кілегей қабық қызарады, өткізгіштігі артып, секреторлық және сору қасиеті бұзылады. Іш өтеді, қайталама құсу, организмнен су мен тұздар кетіп, тіндер құрғап, қан ұиды, орталық және вегетативті нерв жүйесі бұзылады, интоксикация болады.
Иммунитет. Аурудан кейін тұрақты.
Алдын – алу шаралары: дер кезінде ауруды анықтау, оқшаулау, ауруханада емдеу, дезинфекция. Су көздерін қорғау, азық – түліктерді бақылау, эпидемия кезінде шекараны қорғау, т.б..
Емі: антибиотиктер: тетрациклин, левомицетин. Көп мөлшерде сұйық және электролиттер.
Микробиологиялық зерттеу.
Зерттеу мақсаты: Тырысқақ вибрионын және оның сероварын анықтау.
Зерттеу материалдары: 1.Нәжіс
2. Құсық
3. Секциялық материал
4. Қоршаған ортадағы су, азық – түліктер.
Материалды алу әдістері.
1. Нәжіс – 10 – 20 мл нәжісті қасықпен стерильді банкіге салып, аузын тығыздап жабады.
2. Құсық 10 – 15 г қасықпен банкіге жинайды.
3. Секциялық материал – ішекте орта, жоғары, төменгі жағынан қиып алып, стерильді банкіге салады.
Негізгі зерттеу әдістері. 1. Бактериологиялық
2. Микроскопиялық
3. Серологиялық
Қоректік орталар.
1. 1% пептонды су
2. сілтілі агар
3.Кларке ортасы

Оба қоздырғыштар.


Оба бактерияларын 1894 жылы Гонконгте Иерсен ашқан. Сондықтан бұл тұқымды иерсиниялар деп атаған. Сонымен қатар орыс ғалымдары да көп үлес қосқан. Д.К.Заболотный, Н.К.Клодницкий, И.А.Лебединский.
Иерсиния тұқымына З түрлі бактерия жатады.
1. Jersiniae pestis – оба қоздырғышы
2. Jersiniae pseudotuberculosis – псевдотуберкулез қоздырғыштары
3. Jersiniae enterocolitica – ішек инфекциясының қоздырғыштары
Бұл тұқымның бәрі де Грам теріс таяқшалар, сопақша мөлшері 0,4 – 0,7*1 – 2 мкм. Спора түзбейді. Псевдотуберкулез қоздырғыштары мен иерсинии энтереколитикада талшықтары болады. Қоректік ортаны талғамайды.
Ферментативті белсенді: көмірсутекті қышқылға дейін ажыратады.
Морфология. Оба қоздырғышы – сопақша таяқша, мөлшері 0,3 – 0,6*1 – 2 мкм. Полиморфты, спора түзбейді, талшықтары жоқ, нәзік капсуласы болады. Грам теріс.
Культивирлеу. Оба қоздырғыштары – факультативті анаэробтар. Қоректік ортаны талғамайды, жәй қоректік ортада 28 – 30 градус температурада pH 7,0 – 7,2 өседі, өсім 12 – 14 сағаттан кейін пайда болады. Оба қоздырғыштарының элективті ортасы: казеин және ұйыған қан гидролизаты. Оба бактериялары вирулентті R – түрде өседі, сонымен қатар әртүрлі факторлардың әсерінен тез өзгеріп, авирулентті S – түрде де өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет