Иммундау (алдын алу) – препараттарды (вакциналарды, глобулиндерді, анатоксиндерді) пайдаланып, жұқпалы аурулардың алдын алу әдісі.
Иммундау (вакцинация, егу) белгілі қоздырғышқа қарсы қабылдамаушылықты тудыру адамның денесіне оның қарсытегі, токсигені немесе қарсытекке тән қарсы денесі бар препаратты енгізу. Жұқпалы аурулардан иммунды әдіспен сақтану үшін қолданылатын препараттар 3 топқа бөлінеді:
Белсенді (активті) иммунитет қоздырғыштар;
Енжар (пассивті) иммунитет қоздырғыштар;
Микроб жұққан организмде қоздырғыштың өсіп - өнуін тежейтіндер.
Белсенділер - вакцина, анатоксин. Енжар қорғанысты - сарысулар мен иммуноглобулиндер. Дамуын тежейтіндер- интерферон.
Вакциналар бірнеше түрге бөлінеді:
Вакцина – белсенді иммунитет тудыратын препараттар.
Микроб жасушасынан алынған - тірі және өлтірілген;
Химиялық жолмен алынған;
Анатоксиндер.
Тірі вакциналарды -зияндығын (вируленттігі) әлсіреткен, ал иммундығы сақталған (қабылдамаушылық қабілеті ) тірі микрооргнаиздерден алады.
Өлі вакциналарды – жоғары температурамен, ультракүлгін сәулесімен, химиялық заттармен өлтірілген, бірақ иммундық қасиеті сақталған микроб жасушасынан алынады.
Химиялық вакциналар –арнайы химиялық жолмен микроб жасушасынан алынады.
Химиялық вакцина іш сүзігіне, менингитке қарсы қолданылады.
Анатоксиндер- бұл бактериялардың экзотоксиндері – 0,4 % формалинмен 37 градус температурада 3-4 аптаның ішінде токсигендік қасиетін жойған, бірақ антигендік қасиеті сақталған.
Вакцинаның құрамына кіретін антигеннің саны бойынша олар: моновакцина ( бір түрлі антиген), дивакцина (2 түрлі антиген ), тривакцина (3 түрлі антиген) болып бөлінеді.
Ассорцирленген вакцинаны - әртүрлі бактериялардың антигендерімен анатоксинінен алады. Мысалы: АКДС (адсорбцияланған көкжетелді дифтериялды сіреспе)
Вакциналарды бұлшық етке, тері астына, ауыз арқылы енгізеді.
Вакцина енгеннен кейін реакция пайда болады: