Кіріспе Микробиологияның даму тарихы


Микробиологияның мақсаттары



бет2/69
Дата18.12.2023
өлшемі206,68 Kb.
#197486
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция

Микробиологияның мақсаттары


Микробиология – бұл жәй көзге көрінбейтін ұсақ ағзаның құрылысы мен биохимиялық қасиеттерін, табиғатта жүріп жатқан процесстердің ролін, адам тұрмысындағы пайдасы мен зиянын жан – жақты зерттейтін ғылым саласы.
Микробиология бірнеше салаға бөлінеді:
1.Медициналық микробиология – адамдардағы ауру қоздыратын микробтардың құрылысы мен морфологиясын, қоршаған ортада өніп-өсуін, дамуын, тұрақтылығын, макроорганизм мен байланысын, иммунитетін зерттейді. Медициналық микробиологияның мақсаттары: аурудың себептерін анықтау, табу. Оның даму механизмін зерттеу, лабораториялық анықтау әдісін дайындау, аурудың алдын алу шараларын зерттеу.
Медициналық микробиология келесі түрлерге бөлінеді:
А. Вирусология – вирустарды зерттейді.
Б. Протозология – қарапайымдыларды зерттейді.
В. Микология – саңырауқұлақтарды зерттейді.
Г. Иммунология – адам ағзасының қорғаныс қабілетін зерттейді.
2.Санитарлық микробиологияқоршаған ортадағы, ауадағы, судағы микробтардың адамның денсаулығы мен тазалығына тигізетін әсерін зерттейді.
3.Ауылшаруашылық микробиология – топырақты құнарландыру, мал азығын дайындауда микробтардың қасиеттерін пайдалануды зерттейді.
4.Өндірістік микробиологиямикробтардың белсенділігі, қасиеттері өнеркәсіптерде кейбір металдарды қорытқанда, спирт ашыту өнеркәсібінде, витаминдер, антибиотиктер өндірістерінде пайдаланылады. Тамақ өндірісінде – нан ашыту, айран, қымыз ашыту процессінде, кондитер фабрикаларында – мармелад, пастилалар т.б. пайдаланылады.
5.Ветеринарлық микробиология – жануарлардың, малдардың жұқпалы ауруларын, олардың алдын – алу шараларын зерттейді.
6.Ғарыштық микробиология – ғарыштың микробтарға, адам микрофлорасына әсерін зерттейді.


МИКРООРГАНИЗМДЕР КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

Микроорганизмдер Берги классификациясы бойынша прокариоттарға және эукариоттарға бөлінеді. Прокариоттардан ең жақсы зерттелген бактериялар 19 топқа бөлінеді. Эукариоттарға су өсімдіктері, саңырауқұлақтар мен қарапайымдылар жатады. Бактериялар негізінде бір жасушалы хлорофилі жоқ организмдер болады. Олардың мөлшері микрометрмен өлшенеді және бактериялардың орташа мөлшері 0,1 – 28мкм арасында болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет