Кіріспе Микробиологияның даму тарихы



бет7/69
Дата18.12.2023
өлшемі206,68 Kb.
#197486
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция

Органикалық заттар:ақуыздар, нуклеин қышқылдары, көміртегі, сутегі, оттегі, азот.
Минералды заттар: фосфор, натрий, калий, магний, темір, хлор, т.б. – 2 - 4%.
Сонымен қатар микроэлементтер қажет: кобальт, марганец, мыс, хром, мырыш, молибден, т.б.
Микроорганизмдердің қоректенуі үшін энергия көзі, органикалық заттар қажет.
Көміртегіге мұқтаждығына қарай 2 – ге бөлінеді.
Автотрофты – микроорганизмдер негізгі көзі ретінде көміртегінің құрамында, көміртегі тотыққан күйінде кездесетін қосылыстарды қолданады. Бұларға көптеген топырақ бактериялары жатады.
Гетеротрофты – микроорганизмдерге тек көмірқышқылы ғана емес, сонымен қатар органикалық қосылыстар міндетті түрде болуы керек. Бұларға сапрофиттер, паразиттер жатады.
Сапрофиттер – жануарлардың, өсімдіктердің қалдықтарымен және басқа бөлінділермен қоректенетін организмдер. Мысалы: шіріту бактериялары.
Паразиттер – олар тірі организмдердің (адамдардаң, өсімдіктердің, жануарлардың) жасушаларында тіршілік етеді және көбейеді. Бұларға риккетсиялар, вирустар, т.б. жатады.
Ферменттерге тән қасиет – олар химиялық реакцияларға арнайы әрекет етеді. Мысалы: фермент лактаза – лактозаны ыдыратады, мальтаза – мальтозаны ыдыратады.
Ферменттердің белсенділігі температураға, рН – мәніне т.б. факторларға байланысты. Көптеген патогенді микроорганизмдердің (оптимальды) қолайлы рН - 7,2 – 7,4 ал қолайлы температура 37 – 50 градус С.
Микроорганизмдердің ферменттері 2 – бөлінеді:
1.Экзоферменттер
2.Эндоферменттер
Экзоферменттер сыртқы ортаға қарай бөлініп, қоректік заттардың макромолекулаларын микроб жасушасы сіңіре алатын жәй қосылыстарға дейін ыдыратады. Экзоферменттерге гидролаза жатады: ол белоктардың, майлардың, көмірсутектердің гидролизін туғызады. Осы реакцияның нәтижесінде ақуыздар – аминқышқылы мен пептонға, майлар – май қышқылы мен глицеринге, көмірсутектер – дисахаридтер мен моносахаридтерге ыдырайды. Ақуыздарды – фермент протеаза, майларды – липаза, көмірсуларды – карбогидраза ыдыратады.
Эндоферменттер – жасуша ішіндегі зат алмасу реакцияларына қатысады.
Микроб ферменттері: вино спирт ашыту, нан ашыту, айран ашыту өндірістерінде қолданылады; сондай-ақ жеміс – жидек шырынын алу процесстерін жылдамдатады. Ауыл шаруашылығында мал азығын дайындауда микробтар ферменттері кеңінен қолданылады.
Медицина өндірісінде микробтар ферменттері витаминдер, гормондар, алкалоидтар алуға кеңінен қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет