Кіріспе Микробиологияның даму тарихы



бет10/69
Дата18.12.2023
өлшемі206,68 Kb.
#197486
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция

Механикалық әдіске: қолды сабынмен, щеткамен жуу, бөлмелерді ылғалды түрде жинау, жуу, ауаны желдету, суды сүзу. Күн сәулесін пайдалану – ауада микробтарды өлтіреді.
Физикалық әдіске: қыздыру, өртеу, судың буы, ыстық ауа, кептіру, автоклавта және дезинфекциялық камерада киімді, төсекті т.б. заттарды микробтардан өңдеу.
Химиялық әдіс – әртүрлі химиялық заттарды пайдаланып микробтарды жою.
Мақсатына байланысты дезинфекция 2 – ге бөлінеді:
1. ошақтық;
2. алдын алу.
Ошақтық дезинфекция - жұқпалы ауру табылған жерде болады: үйде немесе ауруханаларда. Ауру адамның нәжісін, құсығын, қақырығын, заттарын т.б. бұйымдарын залалсыздандыруға бағытталады.
Алдын алу дезинфекциясы – жұқпалы ауру шықпай тұрғанда оның алдын алу және таратптау мақсатында жасалады. Бұған қатыстылар: ішетін суды тазалау (хлорлау, сүзу, қайнату) сүтті, тағамдарды, жемістерді жуу, қайнату т.б.


Физикалық факторлар әсері.


Асептика – физикалық әдіске негізделген объектілердің (жарақат, операциялық аймақ, микроорганизмдердің өсімі) микробпен ластануына кедергі жасайтын алдын – алу шараларының жүйесі.
Асептикаға – физикалық әдістер – температура; кептіру; сәулелі энергия; ультрадыбыс жатады.
Төменгі температурада микроорганизмдердің көбеюі тоқталады. Жоғарғы температурада – жойылады.
Температураға байланысты микроорганизмдер 3 топқа бөлінеді:
1. психрофильдер – салқынсүйгіш микроорганизмдер. Олар min температура – 20 , max температура – 30 және оптималды температура – 10 – 200 өседі.
2. мезофильдер – көптеген сапрофиттер мен патогенді микрооргаизмдер. Олар оптимальды температура 28 – 37, min температура 10, max температура – 400 өседі.
3. термофильді – жылусүйгіш микроорганизмдер. Олар оптимальды температура 50 -60, min температура – 30, max температура – 70 – 750 өседі.
Кептіру әдісі – микроорганизмдердің өмір сүруі үшін су өте қажет. Кептірудің әсерінен олардың қоректенуі тежеліп, жойылуға соқтырады. Әртүрлі микроорганизмдерге кептіру түрліше әсер етеді. Мысалы: тырысқақ вибрионы 2 тәулік, сүзек сальмонелласы 70 тәулік; туберкулез микобактериясы 90 тәулік шыдайды. Кептіруге споралар өте шыдамды келеді. Мысалы: түйнеме споралары 10 жыл, саңырауқұлақ споралары 20 жылға дейін сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет