Кіріспе Микробиологияның даму тарихы



бет65/69
Дата18.12.2023
өлшемі206,68 Kb.
#197486
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Байланысты:
микробиология лекция

Хламидия
Chlamydiaccue тұқымдастығы, Gracilicutes , бөлімі, туысы- Chlamydia.(грек тілінде- плащ). Қазіргі кезде 3 түрі бар: C. trachomatis, C. psittaci және C. pneumanice. 3- де адам мен жануарға патогенді. 60С- 10 минут, ал төменгі температурада ұзақ уақыт сақталады. Антисептиктер мен дезинфектанттарға сезімтал. Әртүрлі факторлар эсер еткенде L-формаға ауысады. Хламидия- «энергетикалық паразит». Өздігінен жоғары энергия бөле алмайды және өзін энергиямен қамтамасыз ете алмайды. Клетка ішілік паразит жағдайда жақсы өседі. Бинарлы бөліну арқылы көбейеді. Өмірлік циклы 2- негізгі формада қалыптасады: Элементарлы денешік- ұсақ (0,2-0,5 мкм) сфера тәрізді клеткадан тыс құрылым және үш қабатты клетка қабырғасы. Метобализмге аз активті және клеткадан тыс өмір сүруге бейімделу. Элементарлы денешік- инфекциялық бірлік, клетканы зақымдайды. Элементарлы денешік Романовский- Гимза әдісімен бояғанда- пурпурный түс береді. Ретикуляплы денешік- репродукциялық клетка ішілік формада. Ірі болады (1 мкм дейін) клетка қабырғасы қалың болады. Элементарлы денешік 5-6 сағатта өсіп шығады, цитоплазмаға еніп құрылысын өзгертеді. Алғаш Э.Д.-тен инициальді денешік (вегетативті форма) пайда болады. Романовский- Гимза әдісімен бояғанда көк түске боялады. Патогенезі зақымдалған клетканың өлуі және жергілікті қабыну реакциялары көрінеді. Қан құйылумен бірге зақымдалған неиротикалық гранулематозды ошақтар пайда болады.
Жыныстық инфекция қоздырғыштары. Мерездің морфологиясы. Сұр трепонема –жіңішке,12-14 тармақтан тұрады, ұштары үшкір домалақ, көлемі 10-13 мкм ұзындығы 0,13-0,15 мкм. Трепонемалар өте қозғалғыш. Трепонемалар әдеттегі қоректік ортада өспейді, құрамында бүйрек немесе ұлпалары бар 39-40 С жақсы өседі және қоян эмбрионында, хорионалантойста жақсы өседі. Серологиялық варианттары толық анықталмаған. Трепонеманың өз құрамында полисахаридті ,липидті және протеинді комплексі бар. Сифилис 1.біріншілік сифилис. 2.екіншілік сифилис . 3.үшіншілік сифилис болып бөлінеді.
Микробиологиялық диагностикасы. Вассерман реакциясы шанкр пайда болғасын 2-3 аптасында, болмаса 5-6 аптада зақымдалғаннан кейін 90% ауруда Кан реакциясы оң болады. Науқас қан сары суын өгіз жүрегі бұлшық еті антигенімен араластырады +0,6 % холестерин. Егер оң реакция болса 10 мин кейін көбік пайда болады, егер теріс болса лайланады. КБР, РИФ тәсілдері де кеңінен қолданылады. Арнайы алдын-алу әдісі жоқ. Емдеу үшін пенициллин қатарындағы антибиотиктер қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет