Кіріспе
Микробиологияның даму тарихы.
Микроорганизмдерді анықтағанға шейін адамзат оның тіршілік әрекеттерімен күнбе-күн кездесіп отырды: нан ашыту, сүт ұйыту, жүзім шырынын ашыту т.б.
Микробиологияның даму тарихы 3 кезеңнен тұрады:
1.Морфологиялық кезең – XVII ғасырдың басында басталды. Жұқпалы ауруларды жәндіктер тудырады деген пікірді Афанасий Кирхер айтқан. Бұл пікірді дәлелдеген голландиялық натуралист Антоний ван Левенгук болды, ол әрі шыны өңдеуші – лупаны ойлап тапты. Ол әр түрлі тұнбаларды, жаңбыр суын лупамен қарағанда көптеген қозғалып жүрген ″тірі жәндіктерді″ көрген.
2.Физиологиялық кезең – ХІХ ғасырда француз ғалымы Луи Пастердің еңбектерінен басталады – ол жұқпалы аурулардың пайда болуында микроорганизмдердің маңызы зор екенін ғылыми дәлелдеді. Луи Пастер микроорганизмдер ашыту және шіріту процесстерін дамытады, тіршілік ету ортасын химиялық өзгерістерге келтіреді деп дәлелдеді. Ол оттексіз ортада тіршілік ететін микроорганизмдерді анықтады (анаэробтар), жібек құртының ауру себептерін табады. Ол бірінші рет жоғары температура әсерімен микроорганизмдерді жою әдісін ойлап табады, бұл әдіс залалсыздандыру деп аталады. Пастер жұқпалы ауруларға қарсы вакцина дайындауды табады – ол қоздырғыштың ауру туғызу қабілетін азайту, яғни адамдар мен жануарларда жұқпалы ауруларға қарсы қабылдамаушылық қасиетін тудыру. Ол тырысқақ, құтыру ауруына қарсы вакцина ойлап табады.
Неміс ғалымы Роберт Кох тығыз қоректік ортада микроорганизмдердің таза өсімін алуды ойлап тапты және микроорганизмдерді бояу үшін анилин бояуларын қолданды, микроскопка жарықты және иммерсиялық системаны қолданды. Сөйтіп ол туберкулез ауруын қоздырушы таяқшаларды, яғни “Кох таяқшаларын” және тырысқақ ауруының қоздырушысын табады – “Кох вибрионы”. Осы кезеңде Д.И. Ивановский темекі жапырақтарының ауруын зерттеп, оны өте ұсақ микроорганизмдер қоздырады, олар қоректік ортада өспейді және ұзақ сүзгіден өтеді деп дәлелдеді. Олар - вирустар деп аталды. Сөйтіп, инфекциялық аурулардың дамуында вирустардың да маңызды екені дәлелденді.
3.Иммунологиялық кезең – бұл орыс ғалымы И.И.Мечниковтың иммунитет теориясынан басталады. Ол ағзаның кейбір жасушалары (лейкоциттер, талақ және сүйек майының жасушалары) бөгде элементтерді, бактерияларды басып алып, қайта сіңіруге қабілетті екенін дәлелдеді. Бұл жасушаларды ол фагоциттер (грекше phago – сіңіремін, cytos – жасуша), ал бұл құбылысты фагоцитоз деп атады. Фагоцитоз туралы ғылым қабыну процессін зерттеуге негіз болды, Мечниковтың көрсетуі бойынша қабыну – ағзаның ауру қоздырушы микробтарға қарсы белсенді реакциясы. Мечниковтың ғылыми зерттеулері жан – жақты. Ол адам ағзасының қартаюы мен өмір сүруін ұзартуды зерттеді.Ол тырысқақ, іш сүзегі, туберкулез ауруларын зерттеді. 1886 жылы бірінші рет Одесса қаласында бактериологиялық станция және микробиологтар мектебін ашты. Сонымен қатар бұл кезеңде Мечниковтың көмекшілері, әрі оқушылары – микробиологтар: А. М. Безредка, Л.А.Тарасович, П.В.Циклинская, Г.Н. Габричевский, Д.К. Заболотный, Н. Ф.Гамалеяның микробиология саласында үлестері зор.
Достарыңызбен бөлісу: |