Кіріспе Микробиологияның даму тарихы



бет40/69
Дата18.12.2023
өлшемі206,68 Kb.
#197486
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция

Ферментативті қасиеті. Сальмонеллар глюкозаны, манитті, мальтозаны қышқыл мен газға дейін ыдыратады. Іш сүзегі қоздырғыштары бұл қанттарды тек қышқылға дейін ыдыратады.
Сальмонеллалар лактоза мен сахарозаны ферменттемейді. Ақуыз ыдырату қасиеті: көптеген сальмонеллалар ақуызды орталарды күкірттісутекке дейін ыдыратады. Индол түзбейді, желатинді ерітпейді.
Токсигендігі. Сальмонеллалар эндотоксин түзеді.
Антигендін құрлымы және класификациясы. ХХ ғасырдың басында ғалымдар сальмонеллалардың антигендерінің көптүрлі екенін анықтаған. 1934 жылы Кауфман агглюлитинация реакцияның нәтижесінде барлық сальмонеллаларды топтар мен типтерге бөлген, және антигендік құрлымының диогностикалық схемасын ұсынған. Осы схема арқылы сальмонеллаларды идентификациялайды (ажыратады).
Сальмонеллалардың 2 түрлі антигені болады: О және Н.
О – антиген – липополисахаридпротеинді комплекс, температураға тұрақты, формалиннің әсерінен белсенділігін жояды.
Н антиген талшығымен байланысты, температураға өзгергіш, спирт пен фенолдың әсерінен белсенділігін жояды, формалиннің әсеріне тұрақты.
Барлық сальмонеллалар О – топтарға бөлінеді, олардың әрқайсысының О – антигені болады, араб санымен белгіленеді.
S.typhi сонымен қатар Vi – антигені болады, О – антигенге қарағанда микроб жасушасында жоғары орналасады, О – қансарысу агглютинацисына қарсыласады. Бұл антиген температураға өзгергіш. Ол қоздырғыштың вируленттігімен байланысты. Vi – антиген сонымен қатар паратиф C - да болады.
Сонымен қатар арнайы сальмонелла фагтары бар, олар аурулардың көзін және таралу жолдарын анықтауда пайдаланылады.
Қоршаған орта факторына төзімділігі. Сальмонеллалар тұрақты. 100 градус температурада бірден өледі, ал 60 – 70 градус температурада 10 – 15 минуттан кейін өледі. Олар салқын температурада, таза суда, мұзда бірнеше ай сақталады. Кептірілген және тұздалған етте – 2 айға дейін сақталады. Кептіруге шыдамды, шаңда көпке дейін сақталады. Дезинфекциялаушы заттардың әсерінен бірнеше минуттан кейін өледі (2 – 5% фенол, 3 – 10 % хлорамин).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет