Кіріспе Микробиологияның даму тарихы



бет48/69
Дата18.12.2023
өлшемі206,68 Kb.
#197486
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция

Жануарлар қабылдаушылығы. Кеміреушілер сезімтал, сонымен қатар ірі және ұсақ малдар, шошқалар иттер ауырады. Тәжірибиелік жануарлардан теңіз шошқалары, алтынтүсті атжалмандар сезімтал.
Инфекция көзі. Ауылшаруашылық малдары, кемірушілер (егеуқұйрықтар). Олар нәжістерімен топырақты, ашық суларды,тағамдарды ластайды.
Таралу жолдары. Тұрмыстық жанасу (сұға түскенде, ауру малдардан) тамақ арқылы.
Патогенез. Зақымдаған тері, зақымданбаған ауыз қуысының, көздің, ішек – қарын жолының кілегей қабаты арқылы жұғады. Организімге түсіп, лептоспиралар лимфа арқылы қанға түседі. Қанмен паренхиматозды мүшелерді зақымдайды: бауыр, бүйрек, қарсыденелер пайда болып, лептоспираларды бұзады. Олардан улы зат бөлініп, интоксикация тұғызады, сарғаю пайда болады, жедел бүйректің жетіспеушілігі болады.
Иммунитет - көпке дейін тұрақты.
Алдын – алу шаралары. Ауылшаруашылық малдарына вакцина жасау, кемірушілермен күрес, тағамдарды тышқандардан сақтау.
Арнайы алдын – алу шаралары. Ошақта болған адамдарға вакцина жасау.
Емі. Пенициллин, тетрациклин, лептоспирозға қарсы иммуноглобулин.
Микробиологиялық зерттеу.
Зерттеу мақсаты. Лептоспираларды аурудан және қоршаған ортадан анықтау. Сероваран анықтау.
Зерттеу материалы. 1. Қан
2.Зәр
3. Жұлын сұйықтығы
4. Тағамдар, ашық сулар
5. Секция материалы
Негізгі зерттеу әдісі. 1. Микроскопиялық
2.Бактериологиялық
3.Серологиялық
4.биологиялық.
ПАТОГЕНДІ МИКОБАКТЕРИЯЛАР.
Туберкулез қоздырғыштары.
Mycobacteriaceae туыстығына жіңішке, тармақталған саңырауқұлақ тәрізді таяқшалар жатады. Қоректік ортада жай өсуі де саңырауқұлақтарға жақындатады. Микобактериялар қышқыл – сілті және спиртке төзімді, себебі қабықшасында майлыбалауыз зат бар. Микобактериялар тұқымына патогенді және патогенді емес өкілдер жатады. Адам үшін патогенді туберкулез және лепра қоздырғыштары.
Туберкулез жануарлар, құстар, кеміргіштер арасында кеңінен тараған.
Туберкулез таяқшасының бірнеше түрі бар:
1. Адамдікі - Mycobacterium tuberculosis
2. Сиырдікі - Mycobacterium bovis
3. Құстікі - Mycobacterium avium
4. Тышқандікі - Mycobacterium murium
5. Атиптік микобактериялар
Атиптік микобактериялар 4 топқа бөлінеді: І, ІІ, ІІІ, ІV.
Микобактериялар өзара қоректік ортаға, өсім жылдамдығына, пигмент құруына, каталазалық және пероксидазалық белсеңділігіне байланысты. Адамдарда І және ІІІ топ микобактериялары ауру қоздырады.
Морфология. Туберкулез қоздырғыштарын 1882 жылы Р.Кох ашқан. Ол жіңішке таяқшалар, мөлшері 1,5 – 4 * 0,3 – 0,5 мкм. Қозғалмайды, спорасы және капсуласы жоқ. Грам оң. Циль – Нильсон бойынша қызыл түске боялады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет