Кіріспе Микробиологияның даму тарихы



бет45/69
Дата18.12.2023
өлшемі206,68 Kb.
#197486
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   69
Байланысты:
микробиология лекция

Арнайы шаралары жоқ.
Емі. Пенициллин, бициллин, биохиноль, т.б.
Микробиологиялық зерттеу.
Зерттеу мақсаты. Бозғылт трепонеманы анықтау және серодиагностика.
Зерттеу материалы. 1. Қатты шанкрдың ішіндегісі ( ǀ кезең)
2. Розеола, папула, везикула ішіндегісі ( ǀǀ кезең ).
3. Қан (II, III, IV кезең ).
Негізгі зерттеу әдісі.
1. Микроскопиялық
2. Иммунофлюоресценция реакциясы
3. Серологиялық
a) Вассерман реакциясы (РСК )
b) Тұнба реакциясы
1. Трепонемалардың иммобилизация реакциясы.


Қайталама сүзегінің қоздырғыштары.

Қайталама сүзегінің қоздырғыштары Spirochaetaceae туыстығына, Borrelia тұқымына жатады.


Жұқтырушының ерекшелігіне қарай қайталама сүзегі 2 – ге бөлінеді:
1. Эпидемиялық - жұқтырушы бит
2. Эндемиялық – жұқтырушы кене
Қайталама сүзегі қоздырғышының басқа спирохеталардан өзгешелігі – олар ірі, біркелкі емес иректерден тұрады және анилин бояуларымен жақсы боялады, Романовский – Гимза әдісімен күлгін түске боялады.
Эпидемиялық қайталама сүзегі.
Эпидемиялық қайталама сүзегі қоздырғышын 1868 жылы О. Обермаейр ашқан.
Морфология. Обермайер борреллиялары спираль тәрізді 5 – 8 біркелкі емес иректен тұрады, мөлшері 10 – 18 * 0,3 – 0,5 мкм. Олар спирохеталарға тән 4 түрде қозғалады.
Культивирлеу. Жасанды қоректік ортада сарысу мен асциттік сұйықтығының, жануарлардың тіндері мен мүшелерінің қатысуымен жақсы өседі. Олар анаэробты жағдайда, 30 - 35 градус температурада pH 7,2 – 7,4 7 – 12 күнде жай өседі. Сұйық қоректік ортада мол көбейеді, бірақ өсім бермейді.
Ферментативтік қасиеті жоқ.
Токсинтүзуі – эндотоксин түзеді.
Антигендік құрлымы – аз зерттелген.
Қоршаған орта факторына түзімділігі. Боррелилер жоғары температураға сезімтал: 45 – 50 градус температурада 30 минуттан кейін өледі, йін өледі, 0 градус температурада бірнеше тәулікке дейін сақталады. Төмен температураға төзімді, қатырғанда бірнеше айға дейін сақталады. Кептіргенде бірден өледі. Дезинфекциялаушы ерітінделер бірнеше минуттан кейін өледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет