Жануарлар қабылдаушылығы. Табиғи жағдайда жануарлар ауырмайды.
Инфекция көзі. Ауру адам.
Жұқтырушылар. Биттер – тіршілігі бойы жұқпалы (30 – 40 күн.)
Жұғу механизмі. Бит аурудың қанын сорып, 5 – 7 күннен кейін жұқпалы болады. Осы кезде спирохеталар биттің ішегінен гемолимфаға өтіп көбейеді. Адам қасынғанда битті зақымдап, гемолимфаны қасынған жерге жағады.
Патогенез. 1874 жылы З.Минх, 1881 жылы Н.Н.Мечников тәжірибеде қайталама сүзектің қоздырғышының қанда айналып жүретінін дәлелдеген (өзіне аурудың қанын жұқтырған). Жұқтырған лимфа адам организміне түсіп, жасуша макрофакторында көбейеді, сосын қанға өтеді. Аурудың бірінші қалтырау ұстамасы пайда болады. Аурудың қаныңда қарсы денелер спирохетолизиндер жиналып, боррелилерді ерітеді, эндотоксин бөлінеді: температура, интоксикация, т.б. пайда болады. Тіңдердің түбінде қалған боррелилер көбейіп жаңа ұрпақ береді, олар қанға өтіп, аурудың 2 – ші ұстама кезеңі пайда болады. Осылай бірнеше ұстама болып, боррелилер жайылып, сауығу кезеңі болады.
Иммунитет – тұрақсыз.
Алдын – алу шаралары. Педикулезбен (биттеу ) курес, санитарлы – гигиеналық жағдайларды жақсарту.
Арнайы шаралары жоқ.
Емі. Тетрациклин, пеницилин, левомицитин және мышьяк препараттары.
Эндемиялық қайталама сүзегі.
Морфолоия. Кене қайталама сүзегінің боррелиялары эпидемиялық қайталама сүзегінің қоздырғыштарына ұқсас.
Культивирлеу. 30 – 35 градус температурада рН 7,2 – 7,4 анаэробты жағдайда, арнайы қоректік ортада өсіреді.
Ферментатативтік қасиеті – анықталмаған. Антигендік құрлымы – ажыратылмаған.
Қоршаған орта факторына төзімділігі – эпидемиялық қайталама сүзегіндей. Жануарлар қабылдаушылығы. Кеміргіштер ауырады: тышқандар, атжалмандар, т.б. тәжірбиелік жануарлардан теңіз шошқалары, егеуқұйрық, ақ тышқандар.
Инфекция көзі. Кемірушілер: тышқандар, атжалмандар, кенелер.
Таралу жолдары. Транссмисиялық – адамды кене шаққанда сілекейіндегі боррелилериялар жұғады. Шаққан жерде папула пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |