Кіріспе «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



бет20/47
Дата06.02.2022
өлшемі161,92 Kb.
#76371
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47
Сабақты кешенді талдау
Сабақты кешенді талдау сабақтың дидактикалық, психологиялық және басқа негіздерін бір мезгілде талдауды көздейді. Бұл, жоспарлау, оқыту және оқу жетістіктерін бағалау тәжірибесін бір мезгілде бақылау кезінде мүмкін болады. Мысалы, заманауи білім беруде танымал Марзаноның мұғалімді бағалау Моделі корреляциялық талдау тәсілдердін қолдану арқылы зерттеу нәтижелерін зерделеуге негізделген. Сабақты кешенді талдау амалдары, сонымен бірге сабақ элементтері мен оқушылар жетістіктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтауды көздейді. Бақылаушының міндеті осы байланыстар мен олардың сабақ тиімділігіне, оқушылардың оқу сапасына ықпалын анықтау болып табылады.

Сабақты бақылау барысында сабақ мазмұнының бағдарламаға, сабақ мақсаттарына сәйкестігін, ресурстардың қолданылуын, пәнаралық байланыстың жүзеге асырылуын, өткен және келесі оқу материалдарымен сабақтастығының сақталғанын, сабақ материалдарының сыни ойлау мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпалын атап көрсетуі қажет.


Сабақты бақылау барысында, мұғалімнің сабақты жоспарлауын зерделей отырып, жоспардың оқу қағидаттарына: оқудың ғылымилығына, қолжетімділігіне, оқушылардың бар тәжірибесіне сүйенуге, даралау және саралауға сәйкестігін атап көрсетуге болады. Оқыту тәжірибесін бақылай отырып, оқудың тәсілдері мен стратегиялары сабақ мақсаттарына сай болды ма, танымдық қызметтердің қандай сипаттамаларын қамтамасыз еткендігін, өздік жұмыстар қалай дайындалып қалай өткізілгендігін, оның оқушының дағдысын дамытуды қамтамасыз етуін атап көрсету маңызды. Бұл оқытудың қолданылған тәсілдерінің тиімділігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Сабақтағы оқу жұмыстарын ұйымдастыруды бақылай отырып, міндеттер қалай қойылғанын, әртүрлі оқу формалары қалай үйлестірілгендігін, оқушылар қызметін бақылау қалай ұйымдастырылғандығын, сыни ойлау және рефлексиялық дағдыларын дамыту қалай іске асырылғандығын, оқушыларды ұйымдастыру үшін қандай тәсілдер қолданылғандығын атап көрсетуге болады.


Мұғалімнің жұмыс істеу жүйесі сабақтың құрылымында, уақытты дұрыс пайдалана білуінде, сыныпты басқара алуында, сабаққа қажетті оқу материалының көлемін анықтауда, мұғалімнің сабақтағы өзін ұстауында, жағымды психологиялық ахуал құра білуінде көрініс табады. Оқушының жұмыс істеу жүйесі, сабақ бойында жинақылығы мен белсенділігі, жұмыс әдістері мен тәсілдері, олардың қалыптасу деңгейлері, пән мен мұғалімге қатынастары, білім, біліктілік және дағдыларының болуы арқылы көрініс табады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет