Кіріспе «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Мұғалімнің сабақ бойынша қызметінің түрлері



бет18/47
Дата06.02.2022
өлшемі161,92 Kb.
#76371
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47
Мұғалімнің сабақ бойынша қызметінің түрлері
Не бақыланады? Бақылау фокусінежоспарлау, оқыту, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау сияқты сабақ бойынша мұғалім қызметінің негізгі түрлері біртіндеп кіргізіледі және, соңында, сабақты кешенді бақылау жүргізіледі. Мұғалім қызметінің атап көрсетілген барлық түрлері бір-бірімен өзара логикалық байланысты.


Жоспарлау
Сабаққа дайындалу мұғалім жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Ол алдын-ала мұғалім мен оқушылардың белгілі бір әрекеттерінің реті мен уақытын қарастыратын, белгіленген қызметтерді құрастырып жасау – жоспарлаумен байланысты. Мектептердің әртүрлі бағдарламалар мен оқулықтар бойынша жұмыс жасау жағдайларында жоспарлаудың рөлі ерекше арта түседі. Сабақты жоспарлау, мұғалімнің ғылыми-әдістемелік пайымдауы, оқу үдерісін айрықша құруда шеберлігі мен тапқырлығы жүзеге асырылатын, оның шығармашылық қызметіндегі қырларының бірі болып табылады. Міне сондықтан, қандай да бір тақырыптың немесе жеке сабақтың жалғыз ғана өте тамаша жүйесі болуы мүмкін емес. Бір ғана және сол тақырып бойынша мұғалім әр жылдары әртүрлі сыныптар үшін әртүрлі сабақ жоспарларын жасайды. Бұл, оқушылардың қжеттіліктерін ескеру, өзінің кәсіби өсуі сияқты бірнеше факторларға негізделеді.
Сабақ жоспары, сабақтың барлық құрамдас бөліктерін, сабақтың негізгі мазмұнын, оқытудың әдістері мен тәсілдерін, ресурстарды және қызмет түрлерін, өзара әрекет формаларын белгілі бір ретпен көрсетеді.


Оқыту
Оқыту педагогикалық қызметтің негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Мұғалім оқушылардың алдына танымдық міндеттер қояды және оқу табысты өту үшін қажетті жағдай жасайды: қойылған мақсаттарға сәйкес мазмұнды іріктеу, оқытуды ұйымдастырудың түрлі формаларын ойластыру және қолдану, әдістердің саналуандығын қолдану арқылы оқу мазмұны оқушылардың игілігіне айналады. Педагогикада сабақ «уақыт мерзімімен, қатысушылардың жас құрамымен, жоспармен және оқу бағдарламасымен анық шектелген білім беру үдерісінің негізгі формасы, бірлігі» ретінде қарастырылатынын еске түсірейік. Сабақта дидактикалық құрылым ретінде оқу үдерісінің барлық компоненттері ұсынылған: мақсаты, мазмұны, оқытудың, бағалаудың және оқушы мен мұғалімнің өзара әрекеттерінің әдістері мен құралдары. Оқыту үдерісінің барлық компоненттері бір-бірімен өзара тығыз байланысқан. Оқушылардың мақсатты қабылдауы олардың уәжі мен қажеттіліктеріне педагогикалық орынды ықпал етуді қажет етеді. Оқудың мақсаты оның мазмұнын анықтайды. Оқудың мақсаты мен мазмұны нақты бір әдістерді, ынталандыру және осы үдерісті ұйымдастыру құралдары мен формаларын қажет етеді. Оқу барысында қолдау және оның жүргізілуі мен нәтижесін басқару қажет. Барлық компоненттерді кешенді түрде іске асыру, нәтижеге жетуді қамтамасыз етеді. Алынған нәтижелерге баға беру оқу үдерісінің жаңа мақсаттарын анықтайды.

Осылайша, оқыту тәжірибесін бақылау бір жағынан мұғалімнің тәжірибесі туралы сенімді ақпарат көзі болса, екінші жағынан мұғалімнің кәсіби дамуына қолдау көрсетудің тәсілі болып табылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет