Мұғалім қызметін диагностикалау
Мақсатты қалыптастыру үрдісі жағдайды талдаудан, диагностикалаудан басталады. Диагностикалау мұғалім қызметінің күшті жақтары мен оның әлеуеттік мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін анықтайды, маңызды кәсіби өзін-өзі дамыту мәселелерін анықтауға және солар бойынша жұмысты жоспарлауға көмектеседі, мұғалім қызметінің қиындықтарын анықтаудың икемді жүйесін құрастырады [1]. Бұл өзінің күшті және әлсіз жақтарын, өз мүмкіндіктері мен мәселелері туралы ақпарат жинау мен талдауға бағытталған үрдіс. Диагностикалаудың көптеген әралуан әдіс-тәсілдерібар, мысалы: Педагог қызметнің сапалы нәтижелерін бағалау (Ю.К.Бабанский, П.А. Победоносцев), Педагогикалық қызметтің даму деңгейінің диагностикасы (В.И. Зверева, Н.В. Кузьмина, Т.И. Шамова), Кәсіби маңызды жеке тұлғалық қасиеттерін диагностикалау (М.И. Лукьянова, Е.И. Рогов, В.П. Симонов және т.б.)[2]. Диагностикалаудың кең тараған түрі сауалнама жүргізу болып табылады. Мысалы, кәсіби даму деңгейін анықтау сауалнамасы, мұғалімнің сабаққа қатысты жоспарлау, оқыту, бағалау бойынша қызметіне өзіндік кәсіби талдау жасауына мүмкіндік береді.
Мұғалімнің кәсіби даму деңгейін диагностикалаудың тиімді әдісінің бірі SWOT – талдау. SWOT – қысқартылған Strengths (күшті жақтар), Weaknesses (әлсіз жақтар), Opportunities (мүмкіндіктер) және Тhreats (қауіптер) болып табылады. Ішкі жағдайды негізінен S және W, ал сыртқыны – О және Т анықтайды. SWOT-талдаудың мақсаты қауіптер мен мүмкіндіктер, сондай-ақ күшті және әлсіз жақтар туралы ақпараттарды жүйелеу арқылы мұғалім дамуының негізгі бағыттарын тұжырымдау болып табылады. SWOT-талдау мына сұрақтарға жауап алуға көмектеседі:
Өз қызметінде мұғалім ерекше артықшылықтарын немесе ішкі күшті мүмкіншіліктерін қолдана ма?
Егер мұғалім ерекше артықшылықтарға ие болмаған жағдайда, оның күшті жақтарының қайсысы ерекше артықшылыққа айнала алады?
Әлсіз тұстарының қайсысы түзетуді қажет етеді?
Қандай қолайлы мүмкіндіктер мұғалімді шынайы табысқа жеткізеді?
Мұғалімнің табыстылығына қандай қауіп пен тәуекелдер әсер етеді, және ол қандай стратегиялық әрекет жасауы керек?
SWOT-талдауды төрт кезеңде өткізу ең мақсатты және тиімді (В.Г. Игнатов және Л.Н. Албастова, 2003) болып саналады:
Өзінің күшті және әлсіз жақтарының тізімін жасау. Күш – бұл мұғалімнің табысқа жеткен саласы немесе оған қосымша мүмкіндіктер беретін ерекшелілігі.Әлсіздік – бұл мұғалімнің мүмкіндігі келмейтін, қызметіндегі маңызды нәрсенің болмауы, немесе оны қолайсыз жағдайларға әкелетін нәрсе болуы мүмкін.
Сыртқы ортадан келетін мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлердің тізімін жасау .
Ішкі және сыртқы орта факторларының өзара тәуелділігін анықтау. Бұл байланыстарды бағалау үшін SWOT матрицасы жасалады.
Факторлардың мәні және олардың стратегияны қалыптастыруға тұтастай әсері бағаланады.
SWOT-талдаудың қорытындысын ұсынудың қарапайым түрі– бұл әлсіз және күшті жақтарын, мүмкіндіктер мен қатерлерді атап шығу. Өзінің тұжырымдамалық қарапайымдылығының арқасында, SWOT-ты қолдануға жеңіл. Өткізу үшін ауқымды мәлімет базасы да, формалды дайындық та қажет емес. Өзін-өзі талдау негізін өз жұмысының нәтижелерін рефлексиялау құрайды. SWOT-талдауды мұғалімнің өз рефлекиясы немесе кәсіби даму деңгейін анықтау бойынша сауалнамасы негізінде дербес қолдануға болады.
Қателіктерді болдырмау үшін және SWOT-талдауына пайда алу үшін, келесі ережелерді сақтаған жөн:
Ереже 1. SWOT-талдау аясын мұқият анықтау. SWOT-талдауды нақты қызмет (мысалы, жоспарлау) аспектісіне бағыттау оның ең маңызды күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Ереже 2. SWOT элементтері арасындағы айырмашылықты түсіну. Күшті, әлсіз жақтар –бұл ішкі компоненттер, сондықтан оны мұғалім өзі бақылай алады. Мүмкіндіктер мен қатерлер сыртқы ортамен байланысты, бірақ оларды біліп, даму үшін қолдану керек.
Ереже 3. Әділ болу және жан-жақты кіру ақпараттарын пайдалану маңызды. Мысалы, сауалнама нәтижелері, педагогикалық қағамдастықтан пікір алу.
Ереже 4. Ауқымды және екіұшты мәлімдемелерден аулақ болу. Көбінесе SWOT-талдау мұғалім үшін мәнді емес мәлімдемелердің кірігуінен әлсіз болады. Тұжырым қаншалықты дәлірек болса, талдау да соншалықты пайдалы болады.
Мұғалімнің күшті және әлсіз жақтарын диагностикалау үшін МБ жетекшісімен әңгіме, интервью қолданылады. Әңгіме де,сұхбат та екі адамның өзара қарым-қатынасын, коммуникациясын көрсетеді және, сауалнамаға қарағанда, сұралатын адамның жауаптарының тұжырымдалуына және толықтығына еркіндік береді. Әңгіме/сұхбаталдын ала белгіленген жоспар бойыншаоқу жылының басында кәсіби даму мақсатын қоюды қарастыру,оқу жылының ортасында – мақсатты түзету, оқу жылы ағында – мақсатқа жетуді қорытындылау кезінде өтеді. Әңгіме/сұхбат уақыты мен орны екі жақты келісім бойынша анықталады. Кездесу сенімділік атмосферасында өтуі керек, нақты қойылған мақсат талқылану керек. МБ жетекшісі білікті, өзінің жеке кәсіби тәжірибесін үйретуге қабілетті болуы керек. Тиімді МБ жетекшісі:
бағалау дағдыларын иеленген;
үрдісте және құжатарда шынайы берілгендігінжәне хабардарлығын көрсетеді;
аттестатталатын мұғалім туралы жеткілікті ақпараттанған;
тұлғааралық қарым- қатынастың жақсы дағдыларын меңгерген;
қолдау береді, рефлексиялауға көмектеседі.
МБ жетекшісі әңгіме кезінде мұғалім мысал келтіре алатындай, ашық және зерттеушілік сұрақтарды қолдануы керек. Ол кеңес бермей, мұғалімге талқылауға ықпал етіп, шынайы, тиісті шешімдер қабылдауға көмектесуі керек. Мақсатқа жетуде өзара сенімділік маңызды. Сұрақтардың көмегімен мұғалімге өзінің күшті жақтарын табуына, өз әлеуеті мен даму аймақтарын анықтауына көмектесу. Сұраққа жауап бере отырып, мұғалім «өз тәжірибесі мен білімін пайдаланады және өзіне лайықты ақпаратты жасақтап, белсенді болады» [3]. МБ жетекшісі және мұғалім нақты, өлшенетін, ықтимал, қолжетімді және уақтылы кәсіби даму міндеттерін бірлесе анықтайды. Бұл ақпаратты МБ жетекшісі мен мұғалім ғана біледі, кездесудің егжей-тегжейі басқа тұлғаларға жария етілмейді. Шебер жүргізілген интервью барысына МБ жетекшісі тек қажеттіліктерін, уәжін, бейімділігін, қызығушылықтарын, танымдық үдерістерін ғана емес, сонымен бірге «мұғалімнің тәжірибесіндегі қиындықтары тұрғысындағы жеке күйзелісін анықтап, іс жүзіндегі жағдайы туралы пікірін» біле алады [3]. Кездесудің басты мақсаты – сауатты кәсіби даму мақсаттарын белгілеу үшін мұғалімді дамыту аймағын анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |