1. Оқу жылына мұғалімнің кәсіби даму мақсатын белгілеу
Мектепішілік бағалау кәсіби даму мақсатын белгілеуден басталады. Мақсатты белгілеу – бұл іс әрекеттің бастапқы нүктесі, кәсіби дамуды басқарудың алғашқы сатысы. Мақсатты белгілеу үшін мұғалім өзінің күшті тұстары мен даму бағыттарын, жетекші уәждерін білуі тиіс. Мақсат қою, көптеген зерттеушілердің пікірінше, – жаттықтыруға икемді дағды болып табылады. Мақсаттың болуы толығымен алаңдаушылықты жояды және белгісіздікті азайтады, өйткені адам өзіне қайда ұмтылу керек екенін және ол үшін не істеу қажет екенін біледі. Мұғалім өз мақсаттын қаншалықты анық білсе, соншалықты өзінде бар әлеуетті көбірек аша алады.Айқын тұжырымдалған мақсаттар өзіндік сенімділігін дамытады, құзыреттіліктіарттырады және мұғалімдерді жаңа уәждеу деңгейіне көтереді. Мақсаттар жеке және кәсіби болып бөлінеді.
Жеке мақсаттар адамның тек жеке ниетін пайымдайды. Мысалы, «басқа адамдарға пайдалы болу»; «қызықты, болашағы бар жұмыспен айналысу»; «өз саласында үздік маман болу»; «кәсіби өсуі, дамуы және өзін-өзі жетілдіру». Осындай тұжырымдалған мақсаттардан адамның қай сала маманы екенін анықтау қиын.Бұл адамның тек жеке, жалпылама ниетін білдіреді.Кәсіби мақсаттар өзінің кәсіби міндеттерін шешу барысында қандай нәтижелер алуға болатынын көрсетіп, жұмыс мазмұнын аша түседі.Нағыз кәсіби мақсаттар әрқашан басқа адамдардың мүдделеріне бағытталып, алдына мақсат қойып, адамның шынайы кәсіби мүдделерін көрсетеді. Оған жету басқа адамдарға (оқушыларға, әріптестеріне) өзінің жеке басы мәселелері мен міндеттерін шешуге көмектеседі. Басқаша айтқанда, мұндай мақсаттар тек жеке мәнге ғана емес, әлеуметтік мәнге де ие, сондықтан кәсіби дамуға және қоғамдық танытуға әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |