Мұғалімдерді бағалаудың формативті, суммативті және басқа мақсаттары
Scriven (1967) білім беру саласындағы бағалаудың екі мақсатын көрсетеді. Формативті және суммативті бағалау.
Peterson (2000)мұғалімдерді бағалау үшін басқа мақсаттарды көрсетеді, олар төмендегі тәртіппен орналасқан:
мұғалімдерді жұмысының сұраныста пен өнімді болуы туралы сендіру;
мұғалімдердің оқытуы туралы жұртшылықты (ата-аналарды, кәсіби емес адамдарды, заң шығарушы ұйымдарды) хабардар ету;
мұғалімдерді бағалаудың нашар тәжірибесін шектеу;
әкімшіліктің шешімдері туралы хабарлау;
басқа мұғалімдердің еліктеуіүшінүлгіліпрактиктерді анықтау;
білім беру саласындағы зерттеушілерді деректермен қамтамасыз ету;
мұғалімдердің жеке оқытуларын жақсарту.
9.Assessment Handbook. Teacher training programme for education organisation of Republic of Kazakhstan [Бағалаунұсқаулығы.Жалпы білім беретін мектептегі педагогтардың біліктілігін жетілдіру курсының бағдарламасы]. «НазарбаевЗияткерлік мектептері» ДББҰ.Астана, 2012, 179 б.
Мектеп қызметін жетілдіру және оқушыларды оқыту табыстылығын қамтамасыз етуде негізгі рөлдімұғалім атқарады (Strong, WardandGrant, 2011). Кейбір мектептер оқушыларының оқуда табысты, ал басқаларының табыссыз болу себептерінанықтау үшін Маккинзи (2007),10 «үздік» мектеп жүйелерімен қатар, 25 әлемдік жүйені зерттеп, үш табыс факторларын анықтады:
мұғалім қызметіне квалификациялық құндылық бағдарлардың біліктілік бағалау критерийлеріне және заманауи мұғалімнің кәсіби маңызды сапалары сәйкес үміткерлерді қабылдау;
мұғалімнің жеке тұлғасының дамуына және тиімді тәжірибелі-мұғалім ретінде қалыптасуына жағдай жасау;
әр оқу орнында осындай мұғалімдердің сандық көрсеткішін анықтау.
Оқу тиімділігіне жақсы және табысты оқыту арқылы қол жеткізу мүмкін. Алайда, бұл үшін мұғалімнің өмір бойы және үнемі кәсіби дамуға, өз қызметінде оң өзгерістерді жүзеге асыруға дайын болуы керек.
Мұғалімнің сенімдері
Кез келген мұғалімнің арсеналы сенім, білім және болжамдардың жиынтығы болып табылады. Пажарес (1992), мұғалімнің оқыту стилін таңдау кезінде, сыныптағы әрекеттеріне білімге қарағанда, сенімдері көп әсер ететінін айғақтайды. Зерттеушінің ойынша, пән қалай жүргізілу керектігіне толық сенім, қандай да бір әдіс немесе оқулыққа емес, сыныптағы мұғалімнің іс қимылына байланысты.
Сенімдер (кейде «құндылықтар» деп аталады) іс-қимылға жеке бейімділік ретінде қарастырылуы мүмкін. Мұғалімнің сенімі кейін шешім қабылдауды түсіндіретін мақсаттарды қалыптастыру кезінде үлкен әсерін тигізеді және, нәтижесінде, сыныптағы іс-әрекеттерге ұласады.
Ересек оқушылар рөліндегі мұғалімдер
Ересектерді оқыту ғылымы андрогогика деп аталады. Осы тұжырымдамамен аса көп ассоциаланатын маман Малкольм Ноулз (1984), ол андрогогиканы «ересектерді оқытуда көмек беру ғылымы және өнері» ретінде сипаттайды. Өзінің «андрогогикалық оқыту моделіне» негізделе отырып, Ноулз ересек оқушылардың сипаттамалары туралы келесі болжамдарға сүйене отырып, ересекті оқыту баланы оқытудан ерекшеленеді деп есептейді:
ересек білім алушылардың өзін және басқа да оқушыларды оқыту үшін негіз болып табылатын үлкен өмірлік тәжірибелері бар;
олардың жұмысына немесе жеке өміріне қатысы бар нәрселерді зерттеуге ересектер үлкен қызығушылық байқатады;
пәннің мазмұнына қарағанда жұмыста тапсырмалар немесе мәселелер бойынша көмектесетін оқуға ересектер аса ықылас бөледі.
Тәлімгерлік
Тәлімгерлік мұғалімдердің жұмыс істейтін кәсіби мән мәтінінде олардың қажеттіліктерін түсінуін білдіреді. Тәлімгер тәжірибелі адам болуы тиіс деп саналса да, тәлімгерлік тиімділігі әдетте тәлімгер мен оның қамқоршысы арасындағы кәсіби қатынастарға тікелей байланысты болады. Осындай жұмыс қатынастарының табыстылық негізі ретінде тәлімгердің көмектесуші, қайырымды, сыйлы және ашық жүзді сияқты жеке қасиеттері болып табылады. Тәлімгерліктің тиімділігін арттыратын басқа да маңызды біліктер бар. Олар:
төреші болғаннан гөрі кеңесші болу;
мұғалімдер үшін олардың проблемаларын шешуге тырысқаннан гөрі, олардың проблемаларын өз бетінше шешуі мақсатында талқылау жүргізу;
дұрыс орындалған жұмыс үшін сындарлы мадақтау;
мұғалімге білімдері мен тәжірибесін дамыту үшін қажетті қадамдарды анықтауға көмектесетін оң пікірлер ұсыну;
мұғалімнің оқуын және тәжірибесін дамыту үшін өзінің жеке шынайы мақсаттарын анықтауда көмек көрсету;
өз мақсаттарына қол жеткізуде қолда бар даму үдерісін мұғаліммен жүйелі талқылау;
қажет болған кезде, өзіңіздің тәжірибеңізде болған қиындықтарды жеңу жолдарымен бөлісу.
Тәлімгерге қажетті дағдылар төмендегілерді қамтиды:
Белсенді тыңдау:
айтылғанның нақты мағынасын қабылдау;
дене, тілмен (ым, мимика) өзінің назарын көрсету;
сұрақтың жауабын ойлану үшін жеткілікті уақыт беру;
сөйлеушіні ауызша және ауызша емес мадақтау;
түсінгенді растау үшін тыңдағаныңызды рефлексиялау;
жағдайды нақтылау үшін ашық сұрақтар қою;
талдап қорытудан бас тарту, өйткені бұл адамдардың тұйықталып қалуына әкеледі;
сыйласымды қарым-қатынас;
Мәселені анықтау:
нақты проблеманы анықтау дұрыстығын нақтылау (кейде ұсынылған тақырып «айсбергтің басы» болып табылады);
бөгде адам пікіріне шыдамдылықпен, төзімділікпен қарау (егер сізде қиындықтардың себептері туралы идеяларыңыз болса, оларды, жалғыз дұрыс шешім ретінде емес, мүмкіндіктер ретінде ұсыныңыз).
Әрекеттерді жоспарлау:
өз қамқоршыңыздың идеяларымен танысу;
өзіңіздің қамқоршыңызға жеке шешімдер қабылдауға мүмкіндік беру (өйткені адамдар басқа адамдардың кеңестерін сирек қабылдайды);
келісілген нәтижеге қол жеткізуді анықтау;
өзгерістер енгізу немесе тексеру үшін күндері белгіленгенкесте құру;
тапсырмаларды орындаудың кестеге сәйкес келуін бағалау.
Бағалау
Бағалау – әрі қарай оқыту үшін шешім қабылдау мақсатында оқыту нәтижелерін жүйелі жинақтауға бағытталаған қызметке қатысты қолданылатын түсінік. Бағалау оқыту үдерісінде маңызды рөл атқарады, және тек қана емтихандармен және бағалаумен байланысты емес. Оқыту секілді, бағалау да күрделі процесс болып табылады, және мұғалімдер оларды дамыту және өз тәжірибесін жетілдіру үшін қолдайтын принциптерді жақсы түсінуі тиіс. Бағалаудың барлық түрлері мынадай жалпы сипаттамалардан тұрады:
нәтижесінде дәлелдеме нені білдіретінін дұрыс түсіну үшін, оқушының әрекетін, тестілеу қорытындаларын және тапсырмаларды орындауынбақылау:
дәлелдерді түсіндіру оқу мақсаттары мен міндеттеріне қатысты критерийлер бойынша бағаланатын білімнің және ерекше дағдалардың әртүрлі түрлеріне сілтеме жасай отырып жүргізіледі;
дәлелдерді түсіндіруге негізделген шешімдерді қабылдау үшін қолданылуы мүмкін қорытынды шығару.
Формативті бағалау
Оқуды жетілдіру мүмкіндіктерін және осы мүмкіндіктерді іске асыру әдістері мен формаларын анықтауға бағытталған бағалау формативті болып саналады, немесе Оқу үшін Бағалау (ОүБ). Бағалау реформасының тобы (2002) оқыту үшін бағалаудың келесі анықтамаларын ұсынады: «...өзінің оқуы барысында оқушылардың дамуы тиіс тұрған кезеңді анықтау және қажетті деңгейге қалай қол жеткізуін белгілеу үшін оқушылардың және олардың ата-аналары қолданатын деректерді іздеу және түсіндіру процесі»
Суммативті бағалау
Егер бағалау мақсаты баға қою, оқу жетістіктерін сертификаттау немесе оқу қорытындыларын тіркеу болса, онда бағалау өзінің функциясы бойынша суммативті болып табылады, және кейде «Оқуды бағалау» деп аталады. Суммативті бағалау оқушының, мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне немесе болашағынаықпал ететін шешімдерді қабылдау үшін қолданылатын жағдайда, өлшеу сенімділігін қамтамасыз ету қажет. Пікір стандартқа «сәйкес немесе сәйкес емес» формасында, немесе, көбінесе, сыныптар, бағалар немесе деңгейлер берілген кестеде бейнеленеді. Осы символдық стенография критерийлер мен стандарттарды нығайтуға арналған.
II бөлім. МЕКТЕПІШІЛІК БАҒАЛАУ
Достарыңызбен бөлісу: |