Қосымша оқу үшін
Richard Murphy, Testing teachers: What works best for teacher evaluation and appraisal [Мұғалімдерді бағалау: Мұғалімді және мұғалім қызметін бағалағанда не тиімді (Sutton trust, Білім беру арқылы әлеуметтік мобильділікті жетілдіру)], 2013, 6-21 б.
Мұғалімді табысты бағалаудың он тәсілі
Мектеп мұғалімдерді бағалауда жалғыз ғана тәсілге сүйенбеуі тиіс. Оның орнына, олар бағалау сапасын арттыру немесе ілгерілеуге қол жеткізу үшін аралас құралдарды қарастыру қажет.Сайып келгенде, бағалау құралдарын әр бағаланатын мұғалімдердің күшті жақтарын білетін директор таңдауы керек.
Әрбір мұғалімді бағалау үшін барлық мұғалімдерге бірдей әділ және бірізді қолданылатын нақты жүйе әзірленуі тиіс.
Қажет болған жағдайда сапа мен мектеп жүйесінің стандарттарын бағалау үшін, олардың әділдігіне және сенімділігіне кепілдік беру үшін сыртқы кеңес қолданылуы тиіс.
Әкімшілікпен кездесулер жаңа жүйені талқылау және оны тиімді қолдануды қалыптастыруын қолдау үшін өткізілуі керек.
Әкімшілік бағалауды үйрену керек, мектеп басшылары алдын-ала келісілген стандарттарға сәйкес жұмыс істеуі тиіс.
Сындарлы кері байланыс оқытуды жақсартуға әкелетін болса, табысты бағалаудың негізі болып табылады. Мектеп басшылары мұғаліммен әрбір бағалау нәтижелерін "бетпе-бет" талқылауды қамтамасыз ету тиіс.
Баға беру мен бағалау сыныптағы мұғалім қызметіне бағытталады; сондай-ақ мұғалімнің сабақтан тыс уақыттағы үлестері – спорт, сапар мен жиналыстар назарға алынуы тиіс.
Бағалау кезінде қолданылатын аралас құралдар бағалауда қолданылатын мәліметтерге негізделуі керек, себебі олар мұғалім қызметін бағалайтын ең объективті құрал болып табылады. Қолданылғанын деректердіңөзектілігіне көз жеткізген маңызды.
Әділ кері байланыспен қамтамасыз ету үшін, дамыту және бағалау үшін өткізілетін сыныптағы бақылауларбөлек жүргізілуі тиіс. Бұл дамытушы бақылауда қатысатын әріптестер үшін, бағалау мақсатында өткізілгенмектеп көшбасшыларындағы команда мүшелері үшін де маңызды болып табылады. Мектеп нұсқаулығында бақылау үшін нақты стандарттар мен хаттамалар болуы тиіс.
Оқушыларға арналған сауалнамаларды айқын тұжырымдау керек; жас шектеулеріне сәйкес және басқа өлшемдерді толықтырып тұруы тиіс.
Vivien Stewart, Teacher quality: the 2013 international summit on the teaching profession [Мұғалім сапасы: мұғалім кәсібі бойынша 2013 жылғы халықаралық саммит], 2013, 12-15 б.
Бірқатар елдер мысалында мұғалімдер сапасын бағалау тәсілдері
Жаңа Зеландияда мұғалімдерді бағалау өте сапалы ұйымдастырылған. Оқыту және оқу саласында мұғалімдер одағы реттеуші орган болып табылады. Одақ мұғалімдерге арналған стандарттарды белгілейді. Стандарттар мұғалімдердің жалақысының өсуіне негіз болатын мұғалім дамуының үш басты деңгейін сипаттайды. Бұл деңгейлер мәдени құзыреттілік жиынтығымен қоса жүреді.
Барлық мектептер мұғалімдерді бағалауды жүзеге асырады, бірақ әрбір мектеп бағалау мазмұны мен оны қолдануды өз бетінше анықтайды. Бағалауды Кеңес жүзеге асырады, оның мүшелері алқалы түрде сайланады. Тұтастай алғанда, бағалау өзін-өзі бағалау, сыныптағы оқытуды бақылаудан және сұхбаттан тұрады. Кейбір мектептер оқушылар мен олардың ата-аналарынан алынған сауалнамаларды қолданады. Озық мектептерде басшылар мен аға оқытушылар ұлттық стандарттарды негізге ала отырып, мектеп мақсаттарын айқындайды,мұғалімдер оқушы жетістіктерінің дәлелдемелерін жинайды және өз сабақтары үшін іс-әрекеттер жоспарларын құрастырады.
Мұғалім кәсібі құрметті және өте тартымды мамандық болып табылатын Финляндияда бағалау рәсімі сәл бейресми болып табылады: жыл сайын мұғалімдер мен мектеп басшыларының арасында «даму туралы сұхбаттар» жүргізіледі.
Сингапурда өте жақсы жолға қойылған «мұғалімдерді тереңдетілген бағалау» жүйесі бар. Жүйе мұғалімнің оқушылардың академиялық және тұлғалық рөлін дамытатын түйінді құзыреттіліктерді, педагогикалық бастамаларды, кәсіби дамуды, әріптестерді дамытуға қосқан үлесімен мұғалімдердің педагогикалық қоғамдастықтар мен ата-аналарға қарым-қатынастарын бағалайды. Әр жыл басында мұғалім жоспар құрастырады, кейін оның жүзеге асырылуы жылдың ортасында және аяғында мектептегі бірнеше мамандармен бақыланады. Бағалау мансаптың өсуі мен қаржылық сыйақымен тікелей байланысты, бірақ негізгі мақсаты мұғалімдерді дамытатын және уақытқа сәйкес өзгертетін тұрақты диалог құру болып табылады.
Janelle Deane McKenzie, Redefining appraisal: Giving teachers ownership of their practice [Аттесттауды қайта қарастыру: мұғалімдерге өз тәжірибелерін иелену құқығын беру], (New Zealand, Massey university, 2012)
Жаңа Зеландия мектептерінде аттестаттау (бағалау) стандарттарға сәйкестікті, оқыту мен құзыреттілікті қамтамасыз ететін мұғалімдерді бағалау құралы болып табылады.
Colins (1997) айтуынша аттестаттау «кәсіби есеп берушілік шеңберінде жүзеге асырылатын бағалаушы және дамытушы қызмет» болып табылады.
Аттестаттауда формативті (үздіксіз және дамытушы) және суммативті (есеп беруге бағытталған) бағалауды да қолдану қажет.
Жаңа Зеландия БҒМ аттестаттау мұғалімнің жұмыс сапасын жақсартуға (McKenzie, 2005) және кәсіби стандарттардың өсуіне бағытталғанын атап көрсетеді (Julian,1997).
Не бағаланады?
Стандарттар мұғалімдердің тиімділігін көрсету мақсатындағы мұғалімдерді бағалау құралы болып табылады. Олар аттестаттаудың құралы болып табылады, және,көбінесе,мұғалімді бағалаудакәсіби оқу мен нормативтік-құқықтық тетік ретінде қолданылады(Mayer және басқалары, 2005).
Достарыңызбен бөлісу: |