Тиімді кері байланыс қағидаттары
Кері байланыс:
нақты – мұғалімге тәуелді сабақтағы әрекеттерді жалпылап айтқаннан гөрі, нақты мысалмен сипаттауы;
уақтылы – жақын арада болған жағдаятқа, атап айтқанда, бақыланған сабаққа, қатысты; ақпарат бақылаушының да, мұғалімнің де жадында әлі ұмытыла қоймаған кезінде;
сындарлы – келешекте көруге қалайтын әрекеттердің әр түрлі нұсқаларын ұсыну; Бұл, мұғалімнің ұмтылатын педагогикалық шеберлік деңгейінің біліктілік талаптарына сай мұғалім тәжірибесінің жетілдіре алатын мықты тұстарына қалай қатысты болса, солай тәлімгер тарапынан қолдау мен дамытуды қажет ететін мұғалім тәжірибесінің даму аймағына да қатысты;
салдары көрсетілген – аталған әрекеттердің салдарын көрсетеді: мұғалімнің өзіне, оқушыларға, оқу үдерісіне қалай ықпал ететіндігін көрсетуі;
дамытушы – кәсіби дамуына қолдау көрсетуге бағытталған болуы керек.
Кері байланысты барынша ықпалды болатындай ету үшін, ең алдымен тәжірибесінің мықты тұстарын анықтап алып, нақты әрекеттерді және тәжірибенің даму бағыттарын қарастыру керек. Бұл мұғалімнің әрекетінде барынша не құнды екендігін түсінуге мүмкіндік береді(мысалы, «Бүгін формативті бағалау бойынша жұмыс ұтымды ұйымдастырылды, себебі оқушылардың өздеріне критерийлерді құрғызу, олардың оқып үйренгелі отырған мәселенің маңызын терең түсінугежағдай жасады»). Осыдан кейін дамытуды қажет ететін қызмет қырларын талқылау қажет. Бұл ретте, мұғалімге оның әрекетінің жағымды салдарларын көрсету қажет, оның дамуына келешекте қандай әрекеттер ықпал ететінін нақты және түсінікті түрде айту керек. Қорытындылай келе, мұғалімнің бүгінгі тәжірибесінің қаншалықты маңызды екендігін, ол оның кәсіби даму мақсатына жетуде қалай итермелейтіндігін түсінуіне мүмкіндік туғызу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |