Сабақты бақылау бойынша жазбаша пікір беру.
Сабақты бақылау нәтижесі бойынша пікір жазу кезінде, тек оның бақыланған аспектілеріне ғана тоқталған жөн. Мысалы, мұғалімнің жоспарлау тәжірибесін зерделегеннен кейін, пікір жазу кезінде сол жоспарлауға қатысты негізгі қорытындыларды көрсету қажет(сабақ барысында осы жоспардың іске асырылуы емес). Сонымен бірге, пікірнақты бақыланған деректермен дәлелденген, қысқа қорытындыларды қамтуы тиіс. Пікір мазмұнында мұғалімнің күшті жақтарымен қатар дамытуды қажет ететін тұстары да көрсетілуі тиіс. Пікір тек қана деректерді атаумен ғана шектелмей, мұғалімнің тәжірибесін жақсарту мен одан әрі дамытуға бағытталған сыни сындарлы ұсыныстарды да қамтуы тиіс.
Пікірді жазу стилі мұғалімнің жеке басына бағытталмай, керісінше оның әрекетіне бағыттала жазылуы тиіс (сабақты жоспарлау, оқыту, сабақта оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау).
Пікірдің жағымды мәнмәтіні мұғалімнің берілген ұсынысты қабылдауына ықпал етеді және бақылаушыға қатысты мүмкін қарым-қатынас кедергілерін болдырмауға мүмкіндік жасайды. Бұл үшін, мұғалім тәжірибесінің мықты тұстарын көрсете отырып, жақсартуға болатын қызметіне қатысты баламалы нұсқаларға жеңіл түрде ауысу қажет. Мысалы, педагогикалық шеберліктің «мұғалім-сарапшы» деңгейіне жетуге ынталанып жүрген мұғалімге: «Оқыту барысында бағдарлама мен оқыту мақсатына сәйкес келетін оқу материалы қолданылды. Сонымен бірге, сараланған тапсырмаларды қолдану оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға ықпал етер еді».
Достарыңызбен бөлісу: |