Кіріспе «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауды бақылау



бет27/47
Дата06.02.2022
өлшемі161,92 Kb.
#76371
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауды бақылау
Бақылаушы сабақты бақылауды тұтас жүргізеді және мақсаттардың, табыс критерийлерінің, сабақтағы формативті бағалау әдіс-тәсілдерінің, сабақтағы оқу нәтижесі бойынша оқушылардың рефлексияларының бірлігі мен өзара байланысы туралы пікір береді.

Сабақты бақылауға дайындық кезеңінде бақылаушы осы мұғалімнің сабақтарын бақылау бойынша барлық пікірлер қамтылған мектепішілік бағалау парағымен танысады, мұғалім тәжірибесі бойынша басқа да құжаттарды зерделейді, мұғалім сабақ беретін сыныптардағы оқушылардың үлгерім деңгейлерін қарайды. Алдын-ала кездесуде мұғаліммен бірге болатын сабақтың жоспары қарастырылады, оқыту мен оқуға қатысты жоспарланған іс-әрекеттердің сабақ барысында оқушылардың оқу жетістіктеріне қалай ықпал ететіндігін мұғалім түсіндіреді. Бақылаушы, бақылау фокусіне қатысы бар сұрақтар қоя алады және мұғалімді сабаққа қатысу мақсатымен таныстырады.


Сабақты бақылау кезінде бақылаушы нәтижелерді сабақты бақылау парағына белгілеп отырады және кейіннен сыни-сындарлы кері байланыс беруге және пікір толтыруға арқау болатын жазбалар жүргізеді. Сабақты бақылай отырып, келесі туралы белгілер қойып отыруы керек:



  • Сабақта мақсат қою кезеңін мұғалім қалай ұйымдастырды және іске асырды?

  • Сабақта табыс критерийлерін анықтау үшін мұғалім қандай әдіс-тәсілдер қолданды?

  • Сабақта оқу жетістіктерін бағалау қалай қамтамасыз етіледі?

  • Әр оқушының ілгерілеуін қадағалау қалай ұйымдастырылған?

  • Оқушылардың оқуы қалай өтіп жатқандығы, оны жақсарту үшін не істеуге болатындығы туралы қорытынды жасауға ықпал ететін кері байланысты мұғалім оқушыларға қалай ұсынады?

  • Сабақта тапсырма орындау кезінде оқушылар өздерінің алдына қойылған міндеттерді түсінді ме?

  • Оқушылар ұсынылған тапсырмаларды табысты орындап шығуға мүмкіндік беретін қажетті құралдармен, ресурстармен, ақпаратпен қамтамасыз етілген бе?

  • Оқушыларды формативті бағалау үдерісіне қатыстыру олардың сабақ барысындағы оқу жетістіктеріне қалай ықпал етті?

  • Сабақ барысындағы және сабақ соңындағы оқушылардың рефлексиясы қалай ұйымдастырылды?

  • Рефлексия қойылған сабақ мақсаттарына жету тәсілдерін түсінуге бағытталған ба?

  • Мұғалім тарапынан оқушылардың көңіл-күй және эмоционалдық жағдайы бойынша рефлексиясы, іс-әрекет бойынша рефлексиясы, оқу материалдарының мазмұнына арналған рефлексия қарастырылған ба?

Сабақ аяқталғаннан кейін әңгіме барысында бақылаушы мұғалімге сабағына бақылау мақсатына сәйкес талдау жасауға мүмкіндік береді, қажет болғанда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауды ұйымдастыру және іске асыру бойынша мұғалімге өз тәжірибесінің мықты тұстарын және келешекте шешуді қажет ететін мәселелерді ұғынуына мүмкіндік беретін сұрақтар қояды. Сонымен қатар, кәсіби әңгіме кезінде мұғалімнің кәсіби даму мақсатына жетуіне талдау жасауға көңіл бөлу маңызды: Мұғалім қызметінің қандай нәтижелері қойылған мақсатқа жеткендігі туралы қорытынды жасауға арқау болады? Бұған не ықпал етті? Егер әзірше мақсатқа жетпесе, қандай факторлар кедергі келтірді? Келешекте оған жету үшін нақты қандай әрекеттер жасалуы мүмкін? Мұғалімге қандай көмек қажет?






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет