Кіріспе «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



бет35/47
Дата06.02.2022
өлшемі161,92 Kb.
#76371
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47
Фокус № 8. Жоғары ойлау үдерісі мен әрекеттің нәтижелерін іздеу
Ойлаудың жоғары үдерістеріне сын тұрғысынан ойлау, танымдық жетістіктер тестерінің көмегімен өлшеуге болмайтын мәселелерді талқылау мен шешу жатады. Жоғары ойлау үдерісі үшін оқытудың бақыланатын кейбір ерекшеліктері бірлескен және топтық шараларды қолдану, ментальды модельдер мен оқушылар үшін оқытудың стратегияларын, оқыту жобаларын ұйымдастыру мен көрсетуді, өзбетінше жаттығу мен мәселелерді шешу үшін мүмкіндіктер беру қажет етеді.



  1. Laura Goe, Kietha Biggers, Andrew Croft, Linking teacher evaluation to professional development: Focusing on improving teaching and learning [Мұғалімді бағалау мен кәсіби даму арасында байланыс орнату: Оқу мен оқытуды жетілдіру фокусы] (National comprehensive center for Teacher quality, 2012), с. 2-14



Мұғалімді бағалауды теңдестірудің алты құрауышы / Кәсіби дамудың жүйесі
Мұғалімдердің тәжірибесін жетілдіруде көмек көрсету қажет болғанда, сапасын өлшеуді таңдауда кейбір өлшеулер басқаларына қарағанда барынша пайдалы болатынын есте ұстау керек. Даму аймағы бойынша жасалған 34 кәсіби зерттеу талдауы мен 11 кәсіби дамуға шолу негізінде van Veen, Zwart және Meirink (2011) «тиімді кәсіби даму сыныптағы тәжірибемен, нақтырақ пәннің мазмұнымен, педагогикалық мазмұнды білумен және оқушыларды нақты пәнге үйретумен байланысты болу керек» деген қорытындыға келген. Мұғалімдер осы аспект бойынша дамыған кезде, мұғалімнің сапалылығымен оқушыларды оқытуының нәтижелілігі жоғарылайды.


Сыныптағы бақылау
«Оқытудың негіздері» Charlotte Danielson (Danielson, 2007) кәсіби әңгіме жүргізу үшін жалпы және негізгі бақылаудың құралы болып табылады, бірақ Danielson мұғалімдерге кәсіби әңгімеге дейін өз әрекеті бойынша рефлексия жасау үшін уақыт және бақылаудың жазбаларын беруді ұсынады. Бұл дайындықтың мұғалімдер үшін толық көлемде өзін-өзі бағалауына және кәсіби оқудың қажеттілігін талқылауда белсенді қатысушы болуына мүмкіндік береді. Мұғалімдерге берілетін кері байланыстың түрі бағалау мақсатына байланысты болады. (суммативті немесе формативті)

Тренерлер, аға мұғалімдер және басқа да тұлғалар мұғалімдермен бірлесе отырып, суммативті кері байланыстың нәтижелерінің бір бөлігін формативті әңгімелесудің трамплині ретінде қолдана алады. Бағалау бойынша бақылаулардың ішінен бір құжатын немесе оқушылардың дамуы туралы есептер мұғалімдердің алған бағасына бағытталған және осы бағалардың негіздеулері көрсетілген жазбаша нақты пікірлермен қамтамасыз етілуі тиіс. Формативті кері байланыс директорлар, көшбасшы мұғалімдер және әріптестер үшін тәжірибе мен оқушылардың оқу нәтижелерін жақсарту мақсатында жетістіктерін үздіксіз басқаруды жүргізу үшін қолданылады. Формативті пікірдің оқу жылы барысында (суммативті пікір сияқты жыл аяғында емес) бірнеше талқылаулар жүргізуге мүмкіндік тудыратындай болуы және мұғалімдердің даму басымдықтары мен бағалау циклдарының нәтижелеріне бағытталған болуы тиіс.





  1. Kenneth Peterson, Research on school teacher evaluation [Мұғалімді бағалау шеңберіндегі зерттеу], (NASSP Bulletin, Vol.88, No.639, June 2004), с. 60-79



Қысқаша бақылаулар
Қысқаша бақылаулар қысқа, жоспарланбаған және сабаққа бейресми қатысу болып табылады. Директор сыныптағы болып жатқан әрекетке өз тарапынан құрмет көрсетеді, мысалы, егер сабақ бүкіл сыныпқа жүргізіліп жатса, оқу үдерісіне кедергі келтірмейтіндей шетте тұрады немесе отырады. Оқыту жеке немесе топтық жұмыс түрінде өткізіліп жатқан жағдайда оқушылармен жекелей немесе топта әңгіме жүргізеді. Директор жазба жүргізіп, сұрақтар қояды. Ол оқушылардың оқып жатқандығының дәлелдемелерін іздейді. Содан кейін директор мұғалімдер мен оқушыларға кедергі келтірместен, белгі беріп сыныптан шығып кетеді. Сабақты қысқа бақылаулар ұзақ бақылауларға қарағанда саны жағынан көп мөлшерде бақыланылып, сенімді дәлелдемелер, маңызды ресурстар ретінде үздіксіз оқытуда азырақ килігетіндей және оқушылардың оқуы мен мектеп жұмысына икемділігімен қарастырылады. Keller (1998) мектеп директорының мұғалімдер мен оқушылардың әрекеттері жөнінде хабардар болуын мектептің тиімділігіне маңызды әсерлердің бірі ретінде көрсетеді.



  1. Assessment Handbook. Teacher training programme for education organisationx of Republic of Kazakhstan [Бағалауға арналған нұсқаулық. Жалпы мектеп педагогтарының білім жетілдіру курсының бағдарламасы]. «ДББҰ НазарбаевЗияткерлік мектептері». Астана, 2012, 179 б.



Пікір
Гиббс пен Симпсон (2002) оқуды қолдайтын формативті бағалаудың он бір талаптың жетеуі пікірлерге негізделгенін айтады. Профессор Джон Хэттидің зерттеуі көрсеткендей, пікір кез келген басқа факторға қарағанда жетістіктерге жету үшін үлкен ықпалға ие және келесіні айтады: «пікір оқушылардың үлгеріміне ықпал ететін ең қуатты факторға ие». (Хэтти, 1987). Блэк пен Уильям төрт жылдың ішінде формативті бағалаумен тығыз байланысты пікірлерді оқыды, талдады, зерттеді. Олар формативті пікірдің оқу сапасына өте үлкен ықпал тигізетініне Хэттимен келісті және: «Оқуды жақсартуға бағытталған сабақ берудің өзге де аспектілерімен немесе өзге де іс шараларымен салыстырғанда, пікірдің оқу үдерісіне едәуір бірізді және оң ықпалы бар». Хэтти зерттеулерінің және Блэк пен Уильямның (1998) зерттеулерінің негізінде Петти (2004) пікірлердің формативті бағасына «медальдар мен миссиялар» деп аталатын амалды дайындап шығарды.

Медальдар – оқушы барлығын жақсы істегені туралы ақпарат болып табылады, мысалы, «нәтижелері бойынша әр түрлі болатын тапсырмаларды дайындау арқылы сіз белсенді оқуды енгіздіңіз» немесе «Егер оқушылар бағалау жөніндегі ұжымдық жұмысқа сондай ақ, өзін-өзі бағалауға тартылса, бұл жақсы көрсеткіш». Осылайша, пікірлердің көзқарасы бойынша медальдар формативті бағалау жұмысының оң аспектілері туралы жазылған ақпарат. Баға немесе бағалау ол медаль емес, өлшеуіш, себебі ол оқушылардың жұмысының дұрыстығы мен бұрыстығы жөнінде ақпарат бермейді.


Миссия – бұл нені түзетуі, жақсартуы немесе дамытуы керек екені туралы ақпарат. Бұл болашаққа жол көрсететіндей және оң болғаны жақсы, мысалы, «инновациялық жолмен АҚТ қолдану жолын қарапайым сипаттағаннан көрі, көбірек талдауға тырыс» немесе «сіздің рефлексиялық есебіңіз мұғалімнің жұмысын талдауы қажет». Осындай ақпарат әдетте бағалау немесе баға қою барысында ұсынылмайды.


Медальдар мен миссиялар үйренушілерге алдын-ала ұсынылған нақты мақсаттарға сәйкес берілуі тиіс. Медальдар бұл қол жеткізілген мақсаттар, ал миссиялар бұрынғысынша жұмыс істеу және оларға қалай қол жеткізу мақсаттары болып табылады.


III бөлім. САБАҚ БОЙЫНША РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ЕСЕПТІ БАҒАЛАУ


Рефлексия кәсіби қызметті жетілдіру үшін қажет. Мұғалімнің өз әрекетінің әлді, әлсіз тұстарын бағалап, келешекте тәжірибесін дамытуды жоспарлауы қаншалықты обьективті тұрғыда бағалай алатындығы оның рефлексиялық ойлау деңгейіне байланысты. Егер де педагог өзінің біліктілігін жүйелі түрде дамытып, өздік білімін жетілдіріп отырса, бұл оның кәсіби әрекетінен көрініп тұрады.


Осыған байланысты сабақ мұғалімнің кәсіби қызметінде қолданатын оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы болып табылады, ал рефлексия оны іске асырудың ажырамас бөлігі (компоненті), аттестаттау аясында мұғалімдер сабақ бойынша рефлексиялық есеп жазады. Есепке қойылатын талаптар мұғалімнің педагогикалық шеберлік деңгейіне қатысты біліктілік сипаттамаларына негізделген.


Аттестаттауға дайындық кезеңінде мұғалім өзінің педагогикалық қызметін атқара жүріп,оның тиімділігінің дәлелдемелерін жинайды. Бұл дәлелдемелер жоспарлауға, оқытуға, өзінің, оқушылардың және әріптестерінің оқуы мен бағалауына қатысты болады. Сапалы оқыту үшін мұғалім үнемі рефлексиялауы қажет, рефлексивті практик болуы тиіс. Рефлексиялық журнал жүргізу мұғалімнің рефлексиялау дағдысын дамытуға және рефлексиялық есепті жазуға дайындалуына мүмкіндік береді. Рефлексиялық журналындағы жазбалары оқу мен оқыту үрдістерін ұғынуға бағытталған болса, бұл бақылаулар әртүрлі дереккөздерден берілген кері байланыстардан, оқушылардың табыстылығын талдаудан, оқытудың тәсілдері мен стратегияларының тиімділігі негізінде өзінің оқытуына өзгерістер енгізуге мүмкіндік тудырады. Paulo Santiago мен Francisco Benavides (2009) кәсіби даму мақсатында бағалауға жағымды әсер ете алатын шарттарды келтіреді. Солардың ішінде «кері байланыс беру мен алудың мәдениеті», «ресурстармен қатар тәжірибені жетілдіру құралдарының құзырлылығын дамытудың мүмкіндіктері», «мектеп әкімшілігінің қолдауы». [1]


«Рефлексия» терминін түсіну үшін келесі анықтамаларға сүйенеміз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет