Кіріспе «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



бет33/47
Дата06.02.2022
өлшемі161,92 Kb.
#76371
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47
Қосымша оқу үшін



  1. OECD (2013), Teachers for the 21st Century: Using evaluation to improve teaching [21 ғасыр мұғалімдері: Бағалауды оқытуды жақсарту үшін қолдану], 2013, 33-47



Бағалау құралдары
Сыныптағы бақылау мұғалімнің кәсіби дағдылары туралы ең объективті ақпарат көзі болып табылады, сондықтан сыныпта мұғалімнің оқыту тәжірибесін бақылау бағалаудың негізгі құралы болып саналады. Оқытудың түйінді аспектілерінің көпшілігі мұғалімнің аудиториямен қарым-қатынасы кезінде көрініс табады.


2. Richard Murphy, Testing teachers: What works best for teacher evaluation and appraisal [Мұғалімдерді бағалау: Мұғалімдер әрекетін бағалау кезінде не жақсы іске асырылады] (Sutton trust, Improving social mobility through education, 2013), 6-21


Сыныптағы бағалау
Нью-Йоркте зерттеушілер тіпті машықтанушы-мұғалімді жеке бақылаудың өзінің мұғалімнің алдағы уақыттағы сапасын айтарлықтай маңызды болжамдаушысы болатынын анықтаған (Rockoff и Speroni, 2011). Бағдарлама бойынша қабылданғандар оқудың алғашқы жылынан бастап бақылауға алынды және бақылау кезеңінің ұлғаюына байланысты бақылау өлшеуіштерінің сенімділігі де артты.

Мектепті Зерттеу бойынша Чикаго Консорциумы Университетімен өткізілген (2012) зерттеу егер мұғалім өткен жылы жоғары баға алған болса, бақылауға әлсіз оқытылған әкімшілік мүшелері мұғалімдерді жоғары бағалағаны ықтимал екенін анықтады. Бұл мұғалімді бақылауды қолданудағы кемшіліктердің бірі болып табылады: мектеп пен мұғалімдер тиімділігінің өлшеуіштеріне қарағанда табиғатына сай бұлардың объективтілігі мардымсыз саналады.


Нақты құрылымдармен жақсы оқытылған бақылаушылардың болуы мүмкіндік береді:

  • мұғалімдерде бағалауға деген сенімділікті кепілдендіріп, субъективтілікті азайтуға;

  • нақты күтілетін нәтижені анықтайтын бағалау құралдарын таңдауға: оқытудың түрлі деңгейлерінде бірқатар оқыту құзыреттіліктерін анықтауға және анықталған мысалдармен қамтамасыз етуге;

  • мұғалім тәжірибесін бағалаудың алдында бақылаушыдан сенімділікті көрсетуді талап етуге: мұғалімдер бақылаушының әділ және сенімді болатынын білуі керек;

  • бақылауда жоғары балға ие мұғалімдер оқушыларының көрсеткіштері орташа алғанда жоғары деңгейде болатынына үнемі сенімді болу керек: тіпті керемет бағалау құралының өзі тиімсіз қолданылуы мүмкін.

Жоғары мөлшерлемедегі шешімдерді қабылдау үшін көпқырлы бақылаулар қажет: бірнеше сабақтарды қарастыру бағалаудың күмәнділігін азайтады. Сыныптағы бақылау сыныпта не өтетінін бірден байқаудың түсірілімі болады. Бақылаудың көп мөлшерде болуы әпсәттегі түсірілімдерді көп беретін болғандықтан, бағалаушылар жағдайды толық көруге мүмкіндік береді. Тіпті бақылау санының артуы қауіп туғызады, кейбір мұғалімдер сыныптағы бақылауды типтік қылдырмау үшін, тек қана соған дайындалуға көп уақыт жұмсауы мүмкін. Чикаго мұғалімдерінің арасынан бұған дәлелдемелер табылды, яғни әлдекімдердің бағалары жоспарлағанға қарағанда анағұрлым төмен болды (Чикаго, 2012). Мысалы, Mossbourne Академиясында бір оқу жылында мұғалімнің екі ресми жоспарланған бақылауы мен екі жоспарланбаған бақылауы бар.


Сыныптағы бақылаудың басты әлеуетті артықшылығы басқа әдістер арқылы іске асыру мүмкін болмайтын конструктивті кері байланыспен мұғалімді қамтамасыз ету болып табылады.


Бақылаудан кейінгі және жылдық бағалау жүйесі ретіндегі кері байланыстың тиімді болуы сыныптағы бақылаудың тиімділігіне қол жеткізу үшін маңызды.


Сыныптағы бақылаудың нәтижелілігі үшін бақылаудан кейінгі және жылдық бағалау жүйесі ретінде берілген кері байланыс тиімді болуы керек.


Сындарлы кері байланыс бойынша дербес әдебиеттерде көптеген зерттеулер бар. Ең маңызды екі тәсіл – кері байланыс 360 (Luthans и Peterson, 2003) және SMART мақсат қою (Doran, 1981). Мұғалімнің мемлекеттік стандартымен бірге қолданылатын мұғалімді жылдық бағалау үдерісі осыны жүзеге асырудың керемет мүмкіндігін қамтамасыз етеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет