Кіріспе «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Кәсіби даму мақсатына қол жеткізу



бет31/47
Дата06.02.2022
өлшемі161,92 Kb.
#76371
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47
Кәсіби даму мақсатына қол жеткізу
Сабақты бақылау циклі аяқталғанннан кейін ӘБ жетекшісі мұғаліммен келісе отырып, кәсіби даму мақсатына қол жеткізу туралы қорытындылар негізінде мұғалімнің педагогикалық әрекетінің болашақ дамуы туралы Мектепішілік бағалау парағында ұсыныстар береді. Пікірлер келесі жылға арналған даму салалары бойынша қорытындылар мен ұсыныстарға ықпал етуі мүмкін. ӘБ жетекшісіне оқу жылының соңында мұғаліммен бірлесе отырып, педагогикалық шеберлік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкес кәсіби даму мақсатына қол жеткізуді бағалау маңызды.

Мектеп директорының орынбасары Мектепішілік бағалау парағына біліктілік арттыру, оқушылардың жетістіктері, ата-ана, әріптес, оқушы пікірлерін ескере отырып кәсіби даму мақсатына қол жеткізу туралы қорытындыларды, келесі оқу жылына мұғалімнің кәсіби дамуы бойынша Әдістемелік кеңес ұсыныстарын енгізеді. Мұғалімді аттестаттау жағдайында мектептің аттестаттау комиссиясы аттестаттау бойынша ұсыныстар береді. Оқушылардың оқу әрекетінің нәтижесі мен олардың динамикасы мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігінің түйінді кешенді көрсеткіштерінің бірі және маңызды параметр болып табылады. Қорытынды шешім шығаруда оқушылар мен ата-аналардан алынған сауалнамалар жоғары құндылыққа ие.


Мұғалімге ұсыныстар құрастыруда оқушылардың пікірін ескеру маңызды. Оқушылардан алынатын сауалнамалар нақты құрастырылған, жас ерекшеліктеріне сәйкес және басқа өлшеуіштерді толықтыратындай болуы керек. Оқушылардан алынатын сауалнамалар көптеген өлшеуіштер жүйесінің ішінде бір өлшеуіш ретінде қарастырылуға лайықты, олар оқушыларға көрсетілетін эмоционалды және оқуды қолдау сияқты мұғалімдерге де, оның кәсіби дамуына қолдау көрсетушіге де пайдалы мұғалімнің тәжірибесі туралы ақпарат ұсынуда қосымша артықшылықтарға ие. [17]


Әріптестермен ынтымақтастық қарым-қатынас құра білу, түрлі шаралар, жобалар, бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асыруда өзін команда мүшесі ретінде көрсете алу, мектеп өміріндегі өзекті мәселелерді шешуде белсенділік таныту, жұмыста оқушылар мен әріптестеріне қолдау көрсете білу ұсыныстар әзірлеуде маңызды компоненттер болып табылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет