Мұғалімнің рефлексиялық есебін бағалау
Сабақ бойынша рефлексиялық есепті бағалау айқындалған Блум таксономиясына негізделеді.
Айқындалған Блум таксономиясы «1999 жылы Лорин Андерсон және оның әріптестері Блум таксономиясының оқыту мен оқуға әсер ететін факторлардың барынша кеңейтілген түрлері қамтылған жаңартылған нұсқасын жариялады».
Айқындалған таксономияда таксономияның алғашқы нұсқасында болған қателерді түзетуге талпыныс жасалған. 1956 жылғы нұсқасынан айырмашылығы жаңа таксономия білім туралы ....» яғни ойлаудың мазмұнымен» және қалай білу» дегеннің арасындағы айырмашылықты жүргізеді , яғни проблеманы шешудегі үрдістер. [11]
Білімді өлшеу – ол мыналарды білу...». Оның төрт категориясы бар: ақиқаттық (фактіге негізделген), тұжырымдамалық, үдерістік және метатанымдық. Ақиқаттық білім сөздік анықтамалар және арнайы бөлшектелген білім сияқты жекелеген ақпараттардың үзінділерін (фрагменттерін) қамтиды. Тұжырымдамалық білім топтастыру және категориялар деген сияқты ақпараттар жүйесінен тұрады. Үдерістік білім алгоритмдерді, эвристикалар, эмпирикалық әдістерді, техникалар мен тәсілдер, сондай-ақ, осы үрдістерді қашан қолдану керектігі туралы білімді қамтиды. Айқындалған Блум таксономиясының танымдық үдерістері өлшеуі түпнұсқалық нұсқасы сияқты алты дағдыдан тұрады. Қарапайымнан бастап күрделіге қарай: (a) еске түсіру, (b) түсіну, (c) қолдану, (d) талдау, (e) бағалау, және (f) жасап шығару».
Осы таксономияға сәйкес мұғалімнің талдауының дәлелдемелерін келтіру қабілеттілігі қарастырылады (саралайды, ұйымдастырады, сәйкестендіреді), бағалайды (тексереді, сынайды) жасап шығарады (жасап шығару, жоспарлау, өндіру).
Мұғалімді мектепте бағалауда ӘБ жетекшілері, әріптестер және мектеп әкімшілігі барынша жоспарлауды, оқыту мен сабақта оқушылардың жетістіктерін бағалауды бақылайды және педагогикалық шеберлікті дамыту үшін кәсіби даму мақсатына сәйкес оқыту әдістемесін талқылайды, рефлексиялық есептің критерийлері танымдық үдерістің ең жоғарғы деңгейлері талдау, бағалау және жинақтауға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |