Сенімділік
Анықтық пен сенімділік өзара тығыз байланысты. Анықтық «бағалау ниетіне» негізделген нәтижелерден жасалған қорытындыларға қатысты бағаға жатқызылса, сенімділік бағалаудың тұрақтылығына көбірек жатады. Мысалы, бірдей нәтижелер түрлі жағдайларда бірдей жүйе бойынша және әртүрлі бағалаушылармен қаралады. Егер анықтық жеткілікті дұрыс болмаса және нәтижелері өзгерген болса онда ол күмән тудырады.
Бағалау сенімділігі оның тұрақтылығымен, сәйкестігімен және нақтылығымен байланысты әртүрлі уақытта және/немесе орындарда салыстырушы сипаттамалармен (білім, дағды және ұғыну) үміткерлер үшін қайталанушы нәтижелерді қамтамасыз етуі мүмкін.
Рис және Уокер (2003: 321) тест сенімділігін «өлшеуі тиіс нәрсені кезегінше өлшейтін дәреже» ретінде бейнелейді.
Мысалы сенімді баға:
Тәжірибе жүзінде мінсіз сенімділікке қол жеткізуге мүмкін емес. Дегенмен, баға сенімділігі келесі сияқты критерийлердің негізінде баға қою мұқият пысықталған схеманың көмегімен айтарлықтай ұлғаяды:
Бағалаудың түсінікті, нақты, және анық критерийлерін құру және қолдану;
Үміткерлердің жұмыс критерийлерін қолдану тәсілдерімен эксперттерді жүйелі таныстыру
Бір стандартқа сәйкестігіне сенімді болу үшін эксперттерді стандарттау жөніндегі жүйелі іс шараларды жүргізу
Біржақтылықты болдырмау үшін тиісті шараларды қабылдау және пайда болған жағдайда оны жою.
Достарыңызбен бөлісу: |