Кіріспе «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Мұғалімдерді сабақ бойынша рефлексиялық есеп жазуға үйрету



бет45/47
Дата06.02.2022
өлшемі161,92 Kb.
#76371
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Мұғалімдерді сабақ бойынша рефлексиялық есеп жазуға үйрету
ӘБ жетекшілері мұғалімдерді сабақ бойынша рефлексиялық есеп жазуға үйретуі үшін ересектерді оқытудың әдістемесі мен мұғалімнің оқытатын пәнінен хабардар болуы керек. «Әдістеме» және «оқыту әдістемесі» терминдерінің бірнеше анықтама нұссқалары бар, бірақ та олардың барлығының бірдейлілігі мынаған байланысты:

  • әдістеме – қандай да бір мақсат етілген әрекетті өткізу үрдісінің дайын «рецепті», алгоритмдері;

  • оқыту әдістемесі – тәсілдер жиынтығы, осы тәсілдер көмегімен мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған, жоспарлы және білім, білік, дағдыларды меңгерудегі үрдістер жүйелі түрде іске асырылады.



Көріп отырғанымыздай, сабақ бойынша рефлексиялық есепті жазуда бастапқыда кей нәрселерді дұрыс түсінбей қалу немесе есеп мазмұнының талаптарға және рефлексия дәлелдемелерінің бағалау критерийлеріне сай келмеуі сияқты қауіптерді азайту үшін дайын «рецептің» болғаны дұрыс. Егер де осындай дайын «рецептер» ӘБ жетекшілерімен келісілген және сапасы анықталынған болса, жұмыстың тиімділігі артар еді. Бұл мұғалімдерді рефлексиялық есеп жазуда бірыңғай түсінік қалыптастыруды қамтамасыз етуде маңызды.


Мұғалімдермен жұмыстың андрогогика қағидаларына негіделетіндігін түсіну маңызды:

  • өмірлік бар жағымды тәжірибені қолдану қағидасы (әлеуметтік және кәсіби) оқушылардың тәжірибелік білім, білік, дағдыларын оқытудың негізі және жаңа білімді қалыптастыру дереккөзі ретінде қолдану;

  • жаңа білімді меңгеруге кедергі болатын жеке ұстанымдар мен ескірген тәжірибені түзету қағидасы;

  • оқушыларды тәжірибелік әрекеттерге үйретуде оқыту нәтижелерінің қажет болу қағидасы;

  • оқытудың мақсаты мен мазмұны оның формаларына, тәсілдеріне, оқыту құралдарына және нәтижелерінің бағасына сәйкестігін қамтитын оқытудың жүйелілік қағидасы (жүйелілік деген жүйелі түрде деп те түсіндіріледі, яғни оқытуда алдыңғы оқудың нәтижелері мен жаңаға деген қажеттілікті ескеру арқылы оқытудың жүйелілігі мен үздіксіздігі);

  • оқыту нәтижелерін өзектендіру қағидасы (олардың тәжірибеде қолданылуы, қағида — жүйелілікті, оқытудың нәтижелерін тәжірибеде қажетсіну, жиналған тәжірибені қолданудың жекелей тәсілдері сияқты алдыңғы қағидалардың орындалуымен қамтамасыз етіледі);

  • оқушыны дамыту қағидасы оқыту жеке тұлғаны дамытуға, өздігінен білім алуға қабілеттілікті қалыптастыруға, тәжірибелік әрекеттер барысында жаңаны үйренуге бағытталуы тиіс;

  • рефлексиялау қағидасы және т.б.

Соңғы қағида оқушының өзін өзі оқуға уәждеуінің басты бөлігі болып табылатын оқуға деген саналы қарым-қатынасына негізделеді. [13]




Андрогогика қағидаларына сәйкес, ересек оқушы адамға оқу процесінде басты орында болу тиесілі. Қалыптасқан тұлға ретінде ол өзінің алдына оқудың нақты міндеттерін қояды және өзбеттілікке, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі басқаруға ұмтылады. Андрогогика оқытудың ежелгі формуласын іске асырумен іспеттес: non scholae, sedvitae discimus – оқу мектеп үшін емес, өмір үшін.

Мұғалімдерді рефлексиялық есеп жазуға үйрету үрдісінде оларға педагог әрекетін рефлексиялаусыз елестету мүмкін емес екендігін түсіндіру қажет. Рефлексияның жүйелі түрде жүргізілуі өте маңызды және оның әр жаңа тармақта жоспарлау кезеңі болсын, не болмаса қандай да бір топтаманы (циклді) аяқтау кезеңі болса да міндетті түрде іске асырылып отыруы қажет. Мұғалімнің назарын жоспарлау мен өз әрекетін және оқушылардың әрекетін ұйымдастыру кезінде ол тек өз көзқарасын ғана емес, оқушыларының да көзқарасын ескеруі тиіс. Осыған қатысты өзара әрекеттесудің қай кезеңі мүмкін болатындығын немесе барынша тиімді және факторлардың қайсысы білім алу үдерісінің қатысушыларының субьектаралық қарым-қатынасына әсері болатындығын көрсетуі немесе болжамдауы қажет. Мұғалім өз есебінде педагогикалық жағдаяттардың дамуының әртүрлі мазмұндағы, әртүрлі педагогикалық технологиялармен бірге түрлі модельдерін алдын-ала болжай алу білігін көрсетеді.


Мұғалім мектептегі өз тәжірибесінің нәтижелері бойынша есебін бағалаудың үш критерийіне сәйкес көрсетуі үшін назарын келесідей сәттерге аударуы тиіс: педагогикалық үдерістің құрылымы қандай; оқушының әрекеті қандай; қарастырылып жатқан үдеріске тартылған педагогтың өзінің және әріптестерінің әрекеті.


Педагогтың өзі мен қамқорлыққа алғандардың өздік дамуын оңтайландыру үшін мұғалім рефлексиялауда бірнеше міндеттерді ескере отырып қарастырылатынын есте сақтау қажет. Карпов А.В өзінің «Рефлексиялық психикалық қасиет және оның диагностикалау әдістемесі» деген жұмысында:



  • диагностикалық қызмет арқылы оқу үдерісіндегі қатысушылар арасындағы өзара әрекеттесудің деңгейі мен осы әрекеттесудің тиімділігін қарастырылады;

  • жобалық қызметі әрекетті жоспарлаудың жобасы мен өзара әрекеттесудің мақсаттылығын қарастырылады;

  • нәтижелі әрекеттесуді ұйымдастырудың құралдары мен тәсілдерін анықтау және өзара әрекеттесу ұйымдастырушылық қызметі арқылы іске асырылады;

  • коммуникативтік қызметі мұғалім мен оқушының өнімді қарым-қатынасына ықпал етеді;

  • өзара әрекеттесудің мәні мен өз әрекетінің мағынасын педагогикалық процесс қатысушыларының санасына қалыптастыру – мәндік шығармашылық қызмет болып табылады;

  • уәждемелік әрекеттің мақсаттық ұстанымдары мен бағыттылығын анықтауға ықпал етеді;

  • түзетушілік педагогикалық үрдістің қатысушыларының өзара әрекеттесуінің іске асырылуы мен әрекетті түзетуге бағытталады. [13]

Берілген топтасытулар мұғалімнің есеп жазуына дайындық барысында пайдалы болады. Осының көмегімен тек жүйелі түрде ғана емес, сондай-ақ, өз әрекетімен бірге үйренушілердің де әрекеттеріне қатысты егжей-тегжейлі рефлексиялауға болады.


Мұның жалғасы сабақ бойынша рефлексиялық есепте өз көрінісін табуы тиіс. Мұғалім үшін педагогикалық қызметке толықтай рефлексиялық талдау жасауға берілген сұрақтар жинағының жауаптары тиімді болады. Бұл сұрақтар Е.В.Пискунованың «Педагогты дайындау мен әрекеттің кәсіби педагогикалық рефлексиясы» еңбегінде келтірілген:

  • Бірінші көмек. Өткенге шолу жасап, не ойлағаныңызды, сезінгеніңізді, не нәрсеге қол жеткізгіңіз келгенін және сол үшін қандай әрекет жасағаныңызды еске түсіріңіз. Сіздің мақсатыңыз бен оқушылар мақсаты сәйкес келді ме? Қалай ойлайсыз, оқушылар не туралы ойлады, не сезінді, не жасады?

  • Екінші көмек. Қарастырылып жатқан жағдайдың барынша маңызды және мағыналы тұсына назар аударыңыз. Қарама-қайшылықтар болды ма, болса қандай? Сіз бұл туралы не ойлайсыз?

  • Үшінші көмек. Оқу әрекеті барысында туындаған ойламаған жағдаяттың немесе қиындық туғызған жағдаяттың шешу жолдарын анықтаңыз. Өзара әрекеттесу барысында туындаған қарама-қайшылықтарды шешудің жағымды және тиімді болуына ықпал ететін таңдамалы жолдарын ойластырыңыз.

  • Төртінші көмек. Егер де сіздің таңдамалы жолдарын анықтауға мүмкіндігіңіз болса, қандай әрекеттерді таңдар едіңіз және оларды іске асырудың жоспары қандай? [14]



Мұғалімдерге рефлексиялық дағдының тек педагогикалық қызмет үрдісінде дамып, жетілетіндігін білу маңызды. Тек жекелей меңгерілген тәжірибе, тек қана жүйелілік пен ізденіс әрекеттеріне белсенді қатысу рефлексиялық ойлау дағдыларын дамытуға және жетілдіруге мүмкіндік туғызады. Әр мектепте, әр әдістемелік бірлестікте мұғалімдерге сабақ бойынша рефлексиялық есепті жазу үрдісін үйретуді ұйымдастыру, қолданылатын әдістер мен тәсілдерді іріктеу мұғалімдердің қажеттіліктерін ескере отырып, өз еріктерімен таңдауларына болады. Ұсынылған ұсыныстар барлық мұғалімдердің сабақ бойынша рефлексиялық есептерін жазуға бірдей дайындықта болуы мен өздерінің кәсіби дамуларында мектеп әкімшілігінен, әріптестер тарапынан бірдей деңгейде қолдау алулары қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет