Кіріспе «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



бет38/47
Дата06.02.2022
өлшемі161,92 Kb.
#76371
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47
Авторлық бағдарлама негізіндегі сабақ мұғалімнің жеке өзінің бекітілген авторлық бағдарламасы және соның мәнмәтінінде өз пәнін оқытуды жүзеге асыруы болып табылады.

«Авторлық бағдарлама – жаңашылдық критерийлері мен педагогикалық құндылықтарды қанағаттандыратын автордың немесе авторлар ұжымының педагогикалық шығармашылығының нәтижесін көрсететін білім беру бағдарламасы болып табылады. Авторлық бағдарлама технологиялар мен оқу тәрбие үрдісін ұйымдастырудың әдістемесін қолдануда жаңашылдық мазмұнымен сипатталады. Авторлық бағдарлама – педагогтың зияткерлік еңбегі және өзінің зияткерлік меншігіне жататын зерттеушілік жұмысының нәтижесі» [10]


Рефлексиялық есептің мәнмәтінінде авторлық бағдарлама негізіндегі сабағын жоспарлауды ҚР мектептеріндегі кәсіби қоғамдастықта өткізілген ғылыми-зерттеу мен тәжірибені қорыту негізінде оқытудың авторлық бағдарламасы бойынша бір сабақты жоспарлауына талдау жасайды. Оқыту әдістерінің, бағалау стратегияларының, сабақтағы ресурстардың оқушылардың жобалық-зерттеушілік дағдыларын дамытуға ықпал етуін, мақсат пен күтілетін нәтижелерге сәйкестігін бағалай отырып, мұғалім авторлық бағдарлама бойынша сабақты жоспарлаудың тиімділігі туралы қорытынды тұжырым жасайды және талдау мен бағалау нәтижесі негізінде жоспарлау бойынша әріптестеріне ұсыныс береді.




Оқушылардың жобалық-зерттеушілік дағдыларын дамытуға авторлық бағдарлама негізінде оқытудың ықпал етуін талдау оқытудың тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Жобалық-зерттеушілік әрекет бұл мақсаттылығымен, пәндік, уәждемелік және зерделілігімен оқушылардың танымдық шығармашылық әрекеттерін арнайы ұйымдастыруға бағытталуымен ерекшеленеді. Жобалық-зерттеушілік әрекеттің маңызды, жағымды факторларына: оқу тапсырмаларын шешуде оқушылардың уәжін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаукапкершілік сезімдерін қалыптастыру, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнату жатады. Жобалық-зерттеушілік әрекет арқылы оқушылардың рефлексиялық, зерттеушілік, коммуникативтік білігі, ынтымақтастықта жұмыс істеу білігі, бағалау дағдылары, таныстырылым қорғау дағдысы мен білігі қалыптасады.

Оқу мен оқытудың әдістері, сабақтың ресурстарын дайындау мен қолданылуын бағалауда сабақтың мақсаттары мен табыс критерийлеріне байланыстыру қажет. Есеп бойынша қорытынды жасап, соның негізінде оқыту бойынша әріптестеріне ұсыныс беру маңызды.


Мұғалім авторлық бағдарламаны жүзеге асыру үрдісінде дайындалған және қолданылған бағалау құралдарын талдау қажет болады. Авторлық бағдарлама бойынша сабақта қолданылған бағалау стратегияларының тиімділігін бағалау, оқушылардың жеке тұлғасын дамыту мен жобалық-зерттеушілік әрекеттерін дамытуға әсерін көрсетумен байланысты болуы керек. Авторлық бағдарлама бойынша сабақта бағалаудың тиімділігі туралы қорытынды жасап, мұғалім әріптестері үшін бағалау бойынша ұсыныстар жасауы тиіс.Мұғалім авторлық бағдарлама бойынша сабақты жоспарлау, оқыту мен оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша қорытындылардың сапасын бағалайды. Авторлық бағдарлама бойынша сабақтың табыстылығын бағалау жүргізілген талдаудың негізінде тәжірибенің даму аймағын анықтауға мүмкіндік береді. Өткізілген ғылыми-зерттеу мен авторлық оқу бағдарламасы бойынша бағаланған сабақтың сапасы негізінде өз тәжірибесі мен ҚР мектептеріндегі кәсіби қоғамдастықтағы әріптестерінің тәжірибесін дамытудың нақты әрекеттерін ұсынады.


«Мұғалім-шебер» деңгейіне үміткер мұғалім рефлексиялық есебін авторлық әдімстеме бойынша өткізген сабағы негізінде рефлексиялық есеп жазады.




Авторлық әдістеме негізіндегі сабақ мұғалімнің оқытуда авторлық әдістемені қолдануымен жүзеге асыратын сабағы.


Әдістеме – нақты пәнді оқыту үрдісін қарастыратын, мазмұнына, оқу мен оқытуға нормативтік талаптар қойылған педагогиканың құрамдас бөлігі. Өзінің нақтылы түрде іске асырылуын білім мазмұнынан, оқыту әдістері, формалары мен оқыту құралдарынан (бағдарламалар мен оқулықтардан) табады.

Мұғалім Халықаралық кәсіби қоғамдастықтағы ғылыми-зерттеудің негізінде авторлық әдістемені қолданып өткізген бір сабақ жоспарына талдау жасайды. Бұл халықаралық деңгейде ғылыми-зерттеу жүргізілгендігін және мұғалімнің авторлық әдістемені қолданыпсабағын өткізгендігін білдіреді. Мұғалім авторлық оқыту әдістемесінің қаншалықты оқушылардың жобалық дағдыларын дамытуға ықпал еткендігін, бағалау стратегияларының, сабақ ресурстарының мақсат пен күтілетін нәтижелерге сәйкестігін бағалауы қажет. Мұғалім авторлық оқыту әдістемесі бойынша сабақты жоспарлаудың тиімділігі туралы қорытынды тұжырым жасап, әріптестеріне жоспарлау бойынша ұсыныс береді.


Мұғалім авторлық оқыту әдістемесі негізінде оқыту қалайша оқушылардың жобалық-зерттеушілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік бергендігін талдау қажет. Авторлық оқыту әдістемесінің және сабақ ресурстарының мақсат пен күтілетін нәтижелерге сәйкестігін бағалайды. Авторлық оқыту әдістемесі бойынша оқыту тиімділігі туралы жасалған қорытынды тұжырым мұғалімнің әріптестеріне оқыту бойынша ұсыныс беруіне мүмкіндік тудырады.




Авторлық оқыту әдістемесін жүзеге асыру барысында мұғалім бағалау құралдарын даярлайды. Есепте өткізген сабағында қолданған бағалау құралдарын талдауы қажет. Бағалау стратегияларының тиімділігін бағалауда авторлық оқыту әдістемесін жүзеге асыру процесінде даярланған және сабақта қолданылған бағалау стратегияларының оқушылардың жобалық-зерттеушілік дағдыларын дамытуға қалай әсер еткенін нақты көрсетуі тиіс.


Жобалық әрекет дағдылары оқушыларды жобаға белсенді жұмылдырғанда ғана дамиды, кей тұлғалық сапаларды қалыптастыру сөйлеу арқылы меңгерілмейді, тек әрекет етуде ғана дамиды. Оқушылар жобаны орындауда белсенді қатысушылар ретінде әрекет етеді, өйткені олар жобаны орындау барысында белгісіздік ортасына түседі, бірақ нақ осы жағдай олардың танымдық әрекеттерін белсендендіруге түрткі болады.
Жобалық әрекетке үйрену оқу мәселесін өз бетінше қалыптастыруды, қажетті ақпаратты жинау, мәселені шешудің нұсқаларын жоспарлауды, қорытындылар, жаңа білімді қалыптастырумен тәжірибе жинау барысында әрекетін талдауға болжам жасалады.


Авторлық оқыту әдістемесі бойынша сабақта бағалаудың тиімділігі туралы жасалған қорытынды мұғалімнің әріптестері үшін бағалау бойынша ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді. Сабақтың сапасын бағалау мен өз тәжірибесі мен кәсіби қоғамдастықтағы әріптестердің тәжірибесін дамытуды болжауын талдау мәнмәтінінде мұғалім авторлық әдістемені қолданып жүзеге асырған сабағын жоспарлауы, оқытуы, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауы бойынша қорытындыларды талдауы қажет. Авторлық әдістемені қолданған сабақтың табыстылығын бағалай отырып, жүргізілген талдау негізінде тәжірибенің даму аймағын анықтайды. Мұғалім авторлық оқыту әдістемесі бойынша сабақтың сапасын бағалауы мен жүргізілген ғылыми-зерттеуі негізінде өз тәжірибесі мен халықаралық кәсіби қоғамдастықтағы әріптестерінің тәжірибесін дамытудың нақты әрекеттерін ұсынады.

Мұғалімнің тәжірибесін дамыту спираль тәріздес болғандықтан, «мұғалім-сарапшы» деңгейіне үміткер мұғалім «мұғалім», «мұғалім-модератор» деңгейлеріне үміткерлердің талаптарына сәйкес болуы керек. Педагогикалық шеберліктің әр деңгейіндегі мұғалім сабақтарының айырмашылығы тек оқыту сапасына ғана емес, сонымен бірге оқушыларға қалыптастырылатын дағдыларымен ерекшеленеді. Мысалы, «мұғалім» деңгейіне үміткер мұғалім өз сабағын оқушылардың қажеттілігін есепке ала отырып жоспарлайды, «мұғалім-модератор» оқушылар қабілеттерін ескере отырып сабақты зерттеу мәнмәтінінде өз сабағын жоспарлайды, «мұғалім-сарапшы» деңгейі оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуды ескере отырып, тәжірибені зерттеу мәнмәтініндегі сабағын жоспарлайды, ал «мұғалім-зерттеуші» деңгейі оқушылардың жобалық-зерттеушілік дағдыларын дамытуды ескере отырып, авторлық бағдарлама негізіндегі сабағын қарстырады, «мұғалім-шебер» деңгейі оқушылардың жобалық-зерттеушілік дағдыларын дамытуды есепке ала отырып, авторлық оқыту әдістемесі негізіндегі сабағын жоспарлайды.


Рефлексивті есепті жазу кезінде мәлімделген деңгейге сай талаптарға назарды шоғырландыру қажет,сонымен қатар жоспарлау барысында белгілі бір дағдыларды дамыту қажеттілігі есепке алынғандығы, оқытуда бұл қалай іске асырылғанын, және оқушыларды дамыту үшін пайдаланылған оқыту және оқу әдістерінің тиімділігіне көз жеткізуге бағалаудың қалай әсер еткенін сараптамалау, бағалау қажет.





Каталог: wp-content -> uploads -> 2019
2019 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасының
2019 -> Батыс қазақстан облысы бойынша 2019 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі знаменательные и памятные даты по западно-казахстанской области на 2019 год орал, 2018 ббк 92. 5 Б 27
2019 -> БАҒдарламасы ксентаев Ардак Ануарбекович 1981 жылы 08 қыркүйек Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қ. Сатбаев ауылында дү­ние­ге келген
2019 -> Төрайым– Асанова Жанна Бейсентаевна, төрайым орынбасары
2019 -> Директордың оқу ісі
2019 -> Сабақ жоспарлары қазақ әдебиеті пәні ( атауы)
2019 -> Коммерциялық емес акционерлік қоғам Тіл білімдері кафедрасы КӘсіби қазақ тілі
2019 -> Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық
2019 -> Кмм «Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы» кгу «Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека имени Абая» Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі облыстық жоспар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет