гипоксантин
ксантин
несеп қышқылы
Пуринді қосылыстардың соңғы айналу өнімі болып табылатын несеп қышқылы ағзадан тәулігіне 0,5 г – 1,0 г мөлшерінде несеппен бөлінеді. Несеп қышқылының тұздары ураттар деп аталады, олар әртүрлі ауытқулардың барысында, мысалы, подагра дертінде буындарда, сол сияқты бүйрек тастары түрінде ағзада жиналады. Аса маңызды аминді пуриндерге нуклеин қышқылдарының құрамына енетін 6–аминпурин (аденин) және 2–амин–6–гидроксипурин (гуанин) жатады.
аденин
гуанин
Аденин мен гуанинге НNО2 қышқылымен әсер еткенде, олардың дезаминделуі нәтижесінде сәйкес келетін гипоксантин және ксантин түзіледі. Конденсацияланған бициклды пиримидин және пиразиннен құралған гетероцикл птеридин деп аталады.
птеридин
Гидрокси және аминдіптериндер табиғатта кең тараған, мысалы, 2–амин–6–метил–4–оксоптеридиннің қалдығы фоли қышқылының, ал 2,4–диоксоптеридин жанды ағзалардың өсу факторы болып есептелетін витамин В2 немесе рибофлавиннің құрамында болады.
Алкалоидтар көптеген өсімдіктердің құрамында кездеседі және аминқышқылдарынан синтезделеді. Биологиялық қасиеттері көп мөлшерде улы, ал аз мөлшерде емдік зат ретінде байқалады.
«Алкалоид» терминін
1819 жылы фармацевт В.Мейснер ұсынды.
Алғаш анықтама берген 1910 жылы Э.Винтерштейн мен Г.Трир.
Алкалоидтар негіздік қасиет көрсетеді.Өсімдіктерде алкалоидтар органикалық қышқылдардың тұздары түрінде болады. Медицинада олардың күшті минералды қышқылдармен тұздары түрінде қолданылады. Алкалоидтардың негіздік қасиеттері көбінесе қаныққан немесе ароматтық жүйеге енетін бір немесе бірнеше азот атомдарының болуына байланысты. Азот атомы бөлінбеген электрон жұптары арқылы негіздік қасиет танытады және қышқылдармен тұздар түзеді.
Қазіргі кезде 5000-нан астам алкалоидтар белгілі. Олардың құрылымының негізінде қандай да бір гетероцикл болады. Алкалоидтарды химиялық жіктеу осы жағдайға негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |