Кіріспе оқырмандарға ұсынылып отырған «Криминалистикадан электронды оқу құралы» қазіргі заманғы оқу үрдісіне енгізілген кредиттік технология ерекшелігін ескере отырып құрастырылған көрнекі оқу құралы болып табылады



бет12/243
Дата07.02.2022
өлшемі0,68 Mb.
#90324
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   243
Байланысты:
46f35a43-0889-11e7-bfa7-a692e7d05c5eкриминалис.нускау

Қол іздерімен жұмыс жасау. Қол іздерін әртүрлі әдістермен анықтау және бекіту. Анықтаушы реактивтерді, бояушы ұнтақтарды және қоспаларды дактилоскопиялық із көшіруші пленкаларды қолдану. Шыныға түскен саусақ іздерін арнаулы ұнтақ арқылы айқындап, оны дактилоскопиялық пленкаға түсіру.


  • Аяқтың және аяқ киімнің іздері.

  • Аяқ іздерінің жолын және жеке іздерді қарау және бекіту. Көлемді болып түскен аяқтың ізінің қалыпын гипстің көмегімен жасау.

    2- сабақ. Көлік құралдарының және бұзу құралдарының іздері.

      1. Көлік құралдарының іздерін қарау. Көлік құралдарына топтық тиістілігін сипаттайтын және оның қозғалыс бағытын куәландыратын белгілерді анықтау.

      2. Көлік құралының ізін ерекшеліктеріне қарай отырып, ол қай маркалы екендігін, моделін анықтау. Бұл із бойынша схемалық суретін салып, ерекшеліктерін көрсету.

      3. Бұзу іздерін қарау және бекіту. Бұзу құралдарын қарау және сипаттау.

    СӨЖ тапсырмалары:
    Альбомға дактопленкаға түсірілген қол саусағының ізін жапсырманың ішіне салып оқиға болған жердің хаттамасының үзіндісі ретінде оның жалпы және жеке белгілерінің сипаттамасын, табу, алу және бекіту әдістерін көрсету.
    Аяқ ізінің гипс көшірмесінің хаттама үзіндісі ретінде сипаттап көрсету. Аяқ іздерінің жолын схема түрінде альбомға сызып белгілерін айқындау. Өлшемдерін енгізу.
    Көлік және бұзу құралдарының фотосуреттерін, олардың ереже бойынша сипаттамасын жасау.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   243




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет