Кіріспе оқырмандарға ұсынылып отырған «Криминалистикадан электронды оқу құралы» қазіргі заманғы оқу үрдісіне енгізілген кредиттік технология ерекшелігін ескере отырып құрастырылған көрнекі оқу құралы болып табылады



бет67/243
Дата07.02.2022
өлшемі0,68 Mb.
#90324
түріСабақ
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   243
Байланысты:
46f35a43-0889-11e7-bfa7-a692e7d05c5eкриминалис.нускау

Есептер:
1. Тепловоз механигі С. Сапаргалиев ауыр салмақты жүк поезды жүргізу кезінде дөңгелек астында төрт оқушыны басып кеткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген тергеу барысында басып кету темір жолдың шұғыл бұрылыстары, өрлері мен еңістері бар төсімді төбелі жағдайында жүзеге асырылғандығы анықталды. Басып кету орын алған жерден 830 метр қашықтықта тұрған темір жол қараушысы А. Иванов тепловоздың сигналдарын естімегендігін және оқиғаның төбенің арғы жағында болғандықтан басып кеткен балаларды көрмегендігі туралы жауап беру кезінде айтты.
Механик С. Сапаргалиевтің берген көрсетпесі бойынша: «Мен составты еңіс бойымен 60 км жылдамдықпен тежеуішті баса отырып жүргіздім. Балаларды 20° бұрышпен тығыз орналасқан ойыстан шыққанда 100 метр арақашықтық қалғанда ғана байқадым. Жедел созылмалы сигнал беріп шұғыл тежеуді қостым. Бірақ ауыр жүк пойызының қысымын ұстай алу мүмкіндігім болмады». С. Сапаргалиевтің тұжырымдауы бойынша балалар сигналды естімеді, себебі бір-біріне басын қойып сөйлесіп бара жатты.
Нақты тергеу іс-әрекетінің алдына қойылатын міндеттері қандай?
Тергеу әрекетін қалай ұйымдастыру керек (қатысушылар құрамы, жоспар, ғылыми-техникалық құралдар, макеттер, маникендер)? Тергеу әрекетін жүргізу кезінде қандай мамандардың қатысуы қажетті? Қанша куәгерлер керек, қалай қайталау және нені өзгертіп қайталау қерек? Тергеушінің дайындық жұмысы қандай жағдайларға бағытталуы керек? Тәжірибенің нәтижесің қалай бекітеді?

2. 6 тамызда Мәдениет және демалыс саябақ өзенінде қайықпен жүзу кезінде орта білім мектебінің 3 сынып оқушылары Тоня Коростелева және Дима Зацепин батып кетті. Жазатайым оқиға кешкі сағат 22.00 шамасында тұманды ауа райы жағдайында болды.


Қылмыстық жауапкершілікке саябақ қайық станциясының басшысы А. Змий және кезекші матрос П. Иванов тартылды. Оларға біріншіден, оқушыларды тұман түскен кезде шақырып алмағандығы және екіншіден, қайық кездейсоқ аударылып кеткенде көмек көрсетпегендері бойынша айып тағылды.
А. Змий мен П. Иванов жағажайдан 120 метр қашықтықта табылған, төңкерілген қайықты тұман кезінде көру мүмкін емес болғанын, сондай-ақ көмек сұраған айқай мен шуды естімегендерін айтты.
Нақты тергеу іс-әрекетінің алдына қойылатын міндеттері қандай?
Тергеу әрекетін қалай ұйымдастыру керек (қатысушылар құрамы, жоспар, ғылыми-техникалық құралдар, макеттер, маникендер)? Тергеу әрекетін жүргізу кезінде қандай мамандардың қатысуы қажетті? Қанша куәгерлер керек, қалай қайталау және нені өзгертіп қайталау қерек? Тергеушінің дайындық жұмысы қандай жағдайларға бағытталуы керек? Тәжірибенің нәтижесің қалай бекітеді?

3. Дүкеннен үй тауарларын тонауға байланысты іске А. Воронов деген азаматты тінту барысында көп мөлшерде тоналған заттар табылып, айып тағылды.


А. Воронов өз кінәсін мойындап, тергеушіге тонау әрекетін қалай істегенін айтып берді.
Дүкеннің терезесі сырт жақтан ашылатынын пайдаланған А. Воронов, басында ілмегі бар ұзын таяқшамен қабырғадағы және тартпадағы түрлі тауарларды шығара берген.
А. Вороновтың жауабын тексеруді, тергеуші айыпталушыны қатыстыра отырып эксперимент жүргізді.
Куәгерлердің қатысыуымен ол терезеге жақындап, пышақтың көмегімен терезені еш кедергісіз ашты. Басында ілмегі бар ұзын таяқпен әйел адамның киімін салатын затты алып шықты.
Тергеушінің айыпталушыны тергеу экспериментіне қатыстыру әрекеті дұрыс па?
Осы тергеу экспериментін жүргізу хаттамасын толтырыңыз.

4. Өндіріс орнынан тоналған жәшіктерді Газ–51 жүк машинасына белгілі көлемде тиеу қажеттілігі туындады. Тергеу эксперименті кезінде тоналған жәшіктерді шығарған жүк машинасымен жүргізу мүмкіндігі болмағандықтан, тергеуші сол маркадағы басқа жүк машинасымен жүзеге асырды.


Тергеушінің әрекеті дұрыс па?

5. Айыпталушы, өзінің қылмыс жасағанын мойындап, 20 минут уақыт ішінде дүкеннен белгілі мөлшерде тауар алып шыққаны туралы көрсетпе берді. Оның жалғыз өзі осы қысқа уақыт ішінде көп мөлшерде тауарды дүкеннен шығарғаны күмән туғызды. Осыған орай, тергеуші айыпталушының бұл іс-әрекетті жалғыз жасағаны және ол өзінің көмекшілерін атағысы келмегені жайлы күдіктенді.


Айыпталушының жауабын тергеу эксперименті арқылы тексеру жөнінде шешім қабылданды.
Дүкенге тоналған заттарға ұқсас тауарлар қойылып, айыпталушыға осы тонау әрекетін қалай жасағанын көрсету тапсырылды.
Айыпталушы, дүкеннен тауарларды 19 минут уақыт аралығында алып шығады.
Бұл экспериментті жүргізу кезінде бұл айғақ қандай негізде тіркелуі тиіс?
Тергеу экспериментінің хаттамасын толтырыңыз.

6. Азамат М. Кабилов мас күйінде бұзақылық ниетпен азамат К. Азимовты бұрғымен басына, бетіне, мойнына 9 жарақат салу арқылы өлтірген.


М. Кабиловқа жеке тінту жүргізу кезінде бұрғы табылды. Тергеуші тергеу экспериментін жүргізуді бекітіп, өлген адамға жарақат осы бұрғымен ба, әлде өзге затпен келтіргенін анықтау мақсатын қойды?
Оны жүргізу үшін ол мәйіт денесінің жарақаттанған жерлеріне бұрғыны салып көру арқылы мәйіт терісіндегі жарақаттан қалған ізбен бұрғы жүзінің бір-біріне сәйкес келетендігін анықтауды ұсынды.
Аталған тергеу экспериментін жүргізуге болады ма, жоқ болса неге бұндай экспериментке жол берілмейді?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   243




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет