Кіріспе оқырмандарға ұсынылып отырған «Криминалистикадан электронды оқу құралы» қазіргі заманғы оқу үрдісіне енгізілген кредиттік технология ерекшелігін ескере отырып құрастырылған көрнекі оқу құралы болып табылады



бет75/243
Дата07.02.2022
өлшемі0,68 Mb.
#90324
түріСабақ
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   243
Байланысты:
46f35a43-0889-11e7-bfa7-a692e7d05c5eкриминалис.нускау

Есептер:
1.Кешкі сағат он шамасында студент С. Сорокинаға көшеде келе жатқан екі ер азамат пышақпен қорқытып, сөмкесін алып, қолындағы сағатын және көк түсті тасы бар сақинасын шешіп алды.
С. Сорокина тез арада полиция бөлімшесіне хабарласты. Тонаушылардың бірі ұзын бойлы, арық, ұзын мұрынды, құлақшыны бар мақталы куртка киген, ал екіншісі орта бойлы, домалақ бетті, пальтосы және кепкасы болған. Кешкі сағат он бірлер шамасында полиция қызметкерлері көшеден С. Сорокинаның мәліметтеріне сәйкес келетін екі ер адамды ұстады. Олардың бірінен көк түсті тасы бар сақина алынды.
Нақты тергеу әрекетінің алдына қойылатын міндеттері қандай?Тануға кандай объектілер жатады? Жауап алудың мақсаты неде?Тану тергеу әрекетінің әрқайсысын қалай ұйымдастыру керек (қатысушылар құрамы, дублер-объектілер қандай болу керек, тергеу әрекетінің жоспары, қолданылатын ғылыми-техникалық құралдар)? Тану үшін көрсетудің жұмыс кезеңінің барысы қандай?Тергеу әрекетінің нәтижелерін қалай бекіту керек?

2. 16-қаңтар күні күндізгі сағат 15 шамасында Актөбе қаласының дұрыс жарықтандырылмаған көшелерінің бірінде өз мекемесінің қызметкерлеріне жалақы алып жаяу және күзетшісіз келе жатқан кассир С. Седельниковке қарақшылық әрекеті жасалды.


С. Седельниковтің баяндауы бойынша қылмыскерлер үшеу болған, барлығы орта бойлы және пальто мен шапка киген. С. Седельников олардың сыртқы бейне белгілерін байқамаған. Қылмыскерлер С. Седельниковтың портфелін жұлып алып, ішінен ақшаларды ала бастаған. С. Седельников осы жағдайды пайдаланып, көмек сұрап, айқайлап қашқан. Тонаушылар оны қуа бастаған, олардың біреуі дауысын көтеріп: «тезірек, тезірек оны ұстаңдар, әйтпесе қашып кетеді» деп айқайлаған дауысын естіген С. Седельников оның «р» әрпін кекештеніп айтқанын аңғарған.
Келесі күні полиция қызметкерлері ресторанда орта бойлы, кассирді тонағанын айтып отырған және қатты кекештеніп сөйлейтін бір адамды ұстады.
Нақты тергеу әрекетінің алдына қойылатын міндеттері қандай?Тануға кандай объектілер жатады? Жауап алудың мақсаты неде?Тану тергеу әрекетінің әрқайсысын қалай ұйымдастыру керек (қатысушылар құрамы, дублер-объектілер қандай болу керек, тергеу әрекетінің жоспары, қолданылатын ғылыми-техникалық құралдар)? Тану үшін көрсетудің жұмыс кезеңінің барысы қандай?Тергеу әрекетінің нәтижелерін қалай бекіту керек?


3. Орта жастағы ер адамның мәйітін тану мақсатында тергеуші-стажер мәйітханада мәйітке ұқсас жас шамасындағы және дене бітімдегі басқа үш мәйіт арасында көрсетілуін бұйырды. Осылайша тергеуші-стажер осы тергеу әрекеті қорытындысының ақиқаттылығын жоғарылатуға үміттенді.
Тергеуші-стажердің әрекеті дұрыс па?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   243




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет