Криминалистік габитологияның түсінігі, оның ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы. Тергеу барысында габитология арқылы шешілетін мәселелер.
Адамды сыртқы бейне белгілерінің жүйесі: өзіндік және жалғаспалы. Өзіндік: жалпы физикалық, демографиялық, анатомиялық және функционалдық белгілер. Жалпы және жеке белгілер. Ерекше және көзге түсетін көрнекті белгілер.
Адамды сыртқы бейнесі бойынша ауызша сипаттау. Дене мүшелерін суреттеу. Бет әлпетін суреттеу. Жасырынып жүрген адамдарды іздеу кезінде, ұстау кезінде, адамдарды тану үшін сыртқы белгілерін суреттеу. Сыртқы бейнені тұжырымдау үшін пайдаланылатын техникалық құралдар, әдіс-айлалар және олардың криминалистік маңызы. Фотосурет бойынша адамды идентификациялау.
Генотипоскопиялық талдау және оның мәліметтерін адамды идентификациялауға пайдалану мүмкіндігі.
Қылмыстық тіркеудің түсінігі, оның мәселелері және түрлері. Тіркеу органдары.
Қылмыскерлерді тіркеу. Аты-жөні бойынша және дактилоскопиялық есепке алу. Папиллярлы өрнектердің классификациясы. Дактилоскопиялық формула.
Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды және аты-жөні белгісіз мәйіттерді тіркеу. Қылмысты жасау әдісі бойынша тіркеу. Ату құралдарын, оқтарды және қауыздарды криминалистік есепке алу. Жоғалып кеткен, ұрланған заттарды есепке алу. Ашылмаған қылмыстар бойынша жиналған айғақ заттардың коллекциясы, оларды пайдаланудың мүмкіндігі және тәртібі. Тіркеудің жекелеген түрлерінің арасындағы байланыс. Анықтама қағаздарың алу тәртібі.