Төрттік бөренелер (четвертиналар) (1-сурет, б) — пластинаны симметриялық көлденең екі бөлікке бөлген тілінген материал.
Брус – бұл қалыңдығы мен ені 100 мм-ден аспайтын тілінген материалдар. Кесілген жағына байланысты брус 2 қырлы (1-сурет, в), 3 қырлы (1-сурет, г) және 4 қырлы (1-сурет, д) болады.
Брусша (1-сурет, е) — қалыңдығы 100 мм-ге дейін, ал ені қалыңдығына тең немесе оны екі есеге басып өтпейтін тілінген материалдар.
1 Сурет - Көлденең қимасына байланысты тілінген
материалдардың негізгі түрлері:
а – пластина, б – ширек бөрене, в - екі қырлы брус;
г - үш қырлы брус; д – төрт қырлы брус; е – брусша;
ж – тақтай; з – шеті тілінген шпал; и - шеті тілінбеген шпал;
к – шеткі тақтай (гәрбіл).
Тақтай (1-сурет, ж) — қалыңдығы 100 мм-ге дейін, ал ені қалыңдығынан екі есе көп тілінген материал түрі.
Шпал — темір жолдарда рельске тірек болатын арнайы тілінген материал. Көлденең қимасына байланысты шпал шеті тілінген (1-сурет, з) немесе шеті тілінбеген (1-сурет, и) болып келеді.
Гәрбіл (1-сурет, к) — сыртқы беті тілінбеген, бөрененің ең соңғы тақтайы.
Дайындама дегеніміз – кебу мен өңдеуге қосымша мөлшері ескерілген, қажетті детальдар үшін сүректің сапасы мен өлшеміне қарай кесілген (тілінген) материалдар.
Қалыңдығы бойынша тақтай мен брустар жіңішке - 13-32мм аралығында, қалың – 40 мм немесе одан да көп болып жіктеледі. Қалыңдығы 13мм-ден кем фанера станоктарында кесілген тілінген материалдар тілінген фанера деп аталады. Көбінесе жіңішке тақтайды - планкалар, ал көлденең қимада мөлшері кіші тілінген материалдар - рейкалар деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |