Ағаштың ұшар басы 5%, Ағаштың желегі 10-15% , Ағаштың діңі 60-65% , Ағаштың түбірі 5-10% , Ағаштың тамыры 10-20% .
1-ші Дәріс 1 АҒАШ ПЕН СҮРЕКТІҢ ОРМАН РЕСУРСТАРЫНДАҒЫ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ Өскелең ағаштың бөліктері.
Өскелең ағашты үш бөлікке бөлуге болады: ұшарбасы, діңі және тамыры (1 сурет). Ағаштың өсіп тұрған кезінде осы әрбір бөлік түрлі функцияларды орындап, түрлі өнеркәсіптік қолданысқа ие болады.
Ұшарбасы, сабақтары мен жапырақтардан (қылқанды) тұрады.
Жапырақтарында ағаштың өсуі мен қоректенуіне қажетті органикалық заттар құрылады. Ұшарбасының өнеркәсіптік қолданысы үлкен емес. Жапырақтардан (қылқанды) витаминді ұн, дәрілік заттар, ал сабақтарынан сүректалшықты тақтайлар мен жәшікті қатырма қағаздар өндірісі үшін технологиялық жоңқаларды алады.
Ағаштың діңі
Өскелең ағаштың діңі еріген минералды заттары бар суды жоғары ұшарбасына қарай (атпа ағын) және төмен тамырларына қарай – органикалық заттары бар (ақпа ағын) суды өткізеді; қорлық құнарлы заттарды сақтайды. Ол сүректің негізгі массасын беріп (жалпы ағаштың 50-ден 90 % көлемінен ) басты өнеркәсіптік мәнге ие.