Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері. Саяси биліктің мәні, оны анықтаудағы түрлі әдістер (бихевиористік, телеологиялық, жүйелік, релятивистік). Биліктің функциялары. Саяси биліктің объектісі мен субъектісі, қайнар көздері, қорлары. Биліктің деңгейлері.
Билікті жүзеге асырудың түрлері мен әдістері. Саяси және мемлекеттік билік. Билікті табыстау және биліктің бөлінуі. Саяси биліктің легитимділігі және оның көздері.
Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік.
Саяси элиталар және саяси көшбасшылық. Элиталардың негізгі теориялары: Г.Моска мен В.Паретоның элитаның классикалық теориялары, демократиялық элитизм (М.Вебер) мен элита плюрализмі (Г.Лейпхарт, Р.Даль) концепциялары.
Саяси элита түсінігі. Қоғамға әсер ету көздері бойынша саяси элиталардың жіктелуі: (мұрагерлік, құндылықтық, биліктік, функционалдық), қалыптасу тәртібі бойынша (ашық және жабық).
Саяси элитаның құрылымы (жоғарғы және орта). Саяси элиталарды таңдау жүйелері. Қазақстан Республикасындағы саяси элиталардың қалыптасу ерекшеліктері.
Саяси көшбасшылық түсінігі мен табиғаты, оның әлеуметтік функиялары. Саяси көшбасшылықтың жіктелуі.