Билік- басқа адамдардың мінезін өзгерту мүмкіндігі (Г.Саймон).
Билік- белгілі бір мақсатқа жету мүмкіндігі (Т.Парсонс).
Билік- белгілі бір тәсілдерді қолдану мүмкіндігі, көбінсе күштеуге негізделген (Г.Лассуэл).
Билік- басқарушы мен басқарылушы арасындағы ерекше қатынас түрі (М.Дюверже).
Билік- шешім қабылдау мүмкіндігі (Г.Лассуэл).
Билік-біреуге немесе бір нәрсеге тигізетін жәй ғана ықпал емес, оларды өзгертуге бағытталған іс-әрекет (П.Моррис, А.Гидденс).
Биліктің анықтамалары
Бихевиористік – билік адамдардың мінез-құлқына әсер ету мүмкіндігіне негізделген айрықша мінез-құлық түрі.
Телеологиялық (teleos - мақсатқа жеткен + logos - ұғым, ілім) – билік алға қойған мақсатқа сәйкес белгілі бір нәтижеге жету мүмкіндігі.
Жүйелілік –билікті әлеуметтік жүйе негізінде, яғни оның мақсаты мен міндеттерін орындау құралы ретінде түсіндіреді.
Психологиялық – билікті нақты индивидтің мінез-құлқы арқылы түсіндіреді, сол мінез-құлықтың субъективті ниеттемесін, адамдар санасындағы биліктің көздерін ашуға тырысады.
Релятивистік (французша «relation»- қарым-қатынас деген сөз) – билікті екі әріптес арасындағы қарыс-қатынас ретінде қарастырады, біреуі екіншісіне белгілі бір ықпал етеді.