Биліктің жіктелуі - Билік қызметiне қарай: саяси, идеологиялық, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, діни, т.б.
- Билік субъектісіне қарай: таптық, партиялық, халықтық, жеке адам билігі.
- Басқару әдісіне қарай: тоталитарлық, деспоттық, бюрократиялық.
- Билік жүргізу аумағына қарай: мемлекеттік, халықаралық, отбасылық .
Саяси билік - Саяси билік
- Поляк саясаттанушысы Е.Вятр былай деген: «Кез келген мемлекеттік билік... саяси билік болып табылады. Алайда саяси биліктің бәрі мемлекеттік билік бола алмайды. Саяси билік бұл - үлкен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар жағы да, ал мемлекеттік билік бұл - арнаулы және бөлек аппарат арқылы іске асырылатын билік».
- Саяси биліктің міндеттеріне: қоғамның тұтастығын сақтау, үстемдік етуші әлеуметтік топтар мен таптардың мүдделерін жүзеге асыру, әлеуметтік құрылымның жұмыс жасауын қамтамасыз ету, қоғамда тепе-теңдікті, өндіріс пен өнімді бөлу шамаластығын сақтау жатады.
- Осы міндеттердің біреуі орындалмаса саяси биліктің ыдырауына алып келеді.
Саяси билiк ерекшеліктері: - Саяси билiк ерекшеліктері:
- 1. Саяси билік ықпал етудің идеологиялық, экономикалық, т.б. әдістерін қолданады.
- 2. Үстемдік, саяси билік шешімдерінің бүкіл қоғам үшін және биліктің басқа түрлеріне де міндеттілігі, кез келген қоғамдық процестерге енуге қабілетті.
- 3. Жалпылық, яғни көпшілік. Бүкіл қоғам атынан әрекет ете алады деген сөз.
- 4. Бір орталықтық, яғни шешімдер қабылдауда жалпы-мемлекеттік орталықтың болуы.
- 5. Билікті жеңіп алу, ұстап тұру, жүзеге асыру үшін қолданылатын құралдардың кең жиынтығы.
- Саяси билік демократиялық сайлау арқылы да, әскери төңкеріс, т.б. нәтижесінде де қалыптасады.
Саяси билік белгілері: - Суверениеттілік- бұл белгілі бір субъектінің басқа күштерге, жағдайлар мен адамдарға тәуелсіздігі жағынан жоғарылығы.
- Ерік - бұл субъектінің саяси мақсатты іске асырудағы қабілетті, дайындығы мен бостандығының болуы.
- Бедел - саяси билік субъектісінің жалпының мойындаған ықпалы.
- Зорлау- билік субъектісінің өз өктемдігін күш қолдану мүмкіндігі арқылы іске асыруы.
Достарыңызбен бөлісу: |