Кіріспе. «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» Жүсіпбек Аймауытов



бет3/10
Дата07.02.2022
өлшемі97,86 Kb.
#93240
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
баяндамалар

2. Негізгі бөлім.
2.1. Бүгінгі күнде физика пәнін сапалы оқыту ізденістері – пән мұғалімін толғандырып отырған келелі мәселелердің бірі. Осы орайда кез - келген педагогикалық жаңа технология оқушылардың сабақ барысындағы белсенділігін арттыруға тікелей әсер етуі керек. Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруді оқушының жеке тұлғасына бағыттау, ал оқыту әдістерін тұлға аралық қарым - қатынастарға бейімдеу болып табылады. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжрибесіне сүйену арқылы танымдық шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы арқылы алуға тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасады. Теория мен практиканың байланыста болуын қамтамасыз ету үшін әрбір пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық қағидалардың, заңдылықтар мен ережелердің, яғни ұғымдық - ақпараттық материалдардың бала өмірінде кездесетін түрлі проблемалық мәселелерді шешуге көмегі тиетіндей, бала оны қолдана алатындай практикалық маңызы ескерілуі тиіс. Сыни тұрғыдан ойлау барысында, бала өз заманының озық өнегесін санасына сіңіреді, функционалдық сауаттылығы артады, басқаның пікірін тыңдауға дағдыланады және өзі де пікір айтуға үйренеді.
Менің жұмыс тәжірибемнің мақсаты:
Физика сабағында бағдарлама материалын сапалы меңгерту үшін оқыту мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы арқылы және басқа да белсенді педагогикалық технологиялардың әдістерін кірістіре отырып, оқушыларды бір – бірімен пікірлесе білуге, ойларын нақты, ашық жеткізе білуге , тұжырымдарын жасауға үйрету.
Тәжірибемнің негізгі компоненттері:
1. Әрбір баланың мүмкіндік деңгейін ескеріп, сыни тұрғыдан ойлауын тудыру үшін уақыт беру, қолайлы мүмкіндік жасау. Оның ойының, пікірінің мәнділігін түсінуге, сыни көзімен қарау қабілеттілігіне сенім білдіру.
2. Физика пәнінің мазмұнына сай түрлі идеялар мен пікірлерді назарға алу, ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылдыру.
3. Оқушылардың жеке шығармашылық қабілеттерін ескере отырып, олармен жеке жұмыс түрлерін жүргізу.
4. Әрбір жеке тұлғаны физиканың білімімен қамтамасыз ету. Тиянақты,
нақты және жан – жақты болуына жағдай туғызу.
Менің педагогикалық жұмысымның негізгі принциптері:

  • физика пәнінің білімін ізгілендіру;

  • оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру;

  • сыни тұрғыдан ойлау іс - әрекеттерін жүзеге асыру;

Өз жұмысымда мен мынадай педагогикалық теорияларға сүйенемін:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет