Кіріспе. «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» Жүсіпбек Аймауытов



бет8/10
Дата07.02.2022
өлшемі97,86 Kb.
#93240
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
баяндамалар

Eішкі =N(Eпотенц +Eкинет )
Дене молекула
Мұндағы Еішкі -дененің ішкі энергиясы,
Епотенц -молекулалардың потенциялдық энергиясы,
Екинет -молекулалардың кинетикалық энергиясы,
N - молекулалар саны.

Яғни, бұл тірек сигналы «Дененің ішкі энергиясы денені құрайтын бөлшектердің (молекулалы, атом және иондардың) кинетикалық энергиясы мен осы бөлшектердің молекулалық өзара әсер күштерінен пайда болатын потенциялдық энергиясының жиынтығынан тұрады» дегенді білдіреді.


«Бернулли заңын» өткенде бұл заңдылықты, төмендегідей тірек
белгісімен беруге болады.

V

V

>
Бұл тірек белгісі «Газдар мен сұйықтардың ағысының жылдамдығы өздері өтетін трубаның көлденең қимасының ауданына байланысты болады. Трубаның ауданы үлкен болса, онымен өтетін газдар мен сұйықтардың ағысының жылдамдығы аз болады және керсенше» дегенді білдіреді.

Негізгі заңдылықтарды тірек белгілері арқылы беру оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырады.

Физикалық заңдылықтар мен құбылыстардың мәнін ашу үшін тақырыпты тірек конспектісімен бергенде, 1 тірек конспектісіне 2-3 тақырыпты біріктіріп топтап, блок түрінде берген қолайлы.

Жылу қозғалтқыштары тақырыбын өткенде жұмыс дене қыздырғыштан Q1 жылу мөлшерін алып, суытқышқа Q2 жылу мөлшерін береді. Осы арада жұмыс атқарылады. Ол атқарылған жұмыс А=Q1-Q2 айырымына тең.

Жұмыс атқарушы дене ұлғайған кезде өзінің ішкі энергиясын жұмыс жасауға толық бере алмайды. Жылудың едәуір бөлігі міндетті түрде газбен бірге суытқышқа беріледі, яғни ішкі энергияның бір бөлігі қайтарылмай біржола жоғалтады. Осы түсінікті тірек схемасы арқылы оқушылар өздері қорытып шығара алады.




Тірек конспектілері.

  • оқушылардың жинақылыққа, көркемдікке бағалауға;

  • оқушылардың сабаққа дайындалу мүмкіндіктерін арттыруға;

  • оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыруға;

  • есеп шығаруға немесе тақырыпты бекітуге бөлетін уақытты үнемдеуге;

  • оқушылардың білімін дұрыс бағалауға;

  • мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты нығайтуға;

  • оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, оларды шығармашылыққа баулуға мүмкіндік береді.


«Еркін гармониялық тербелістер» тақырыбында оқушыларды қойылған түйінді мәселелерді шығармашылық тұрғысынан шешуге, зерттеушілік дағдысын қалыптастыруға бағыттау арқылы топтық жұмыс түрін пайдаланып «ой қозғау» стратегиясының негізінде еркін гармониялық тербелістердің анықтамасын беру үшін оқушылардың білім базасы механиканың кинематика, динамика және энергия сақталу тарауларындағы білімдерін қолдану арқылы анықталады. Екі топ математикалық және серіппелі маятниктерді қарастырып, жауап кестесін толтырады. Үшінші топ-сарапшылар тобы-жауаптарды мұқият тындап бақылайды, келіспеген тұжырымдамаларды ғылыми дәлел негізінде өзгертеді, ал керек болса, өздері толықтырады. Үшінші топтың жауаптарын екі топ бірігіп бақылайды.
Түйінді мәселелер бақылау объектілері де болып келеді. Олар-еркін гармониялық тербелістердің:
1) орындалу шартын анықтау (5 балл);
2) тербелмелі жүйедегі энергияның түрлену және сақталу заңдарының орындалуын дәлелдеу (10 балл);
3) қозғалыс заңдылықтарын анықтап, қозғалыс теңдеулерін жазу (10 балл);
4) негізгі сипаттама-периодтық формуласымын қорытып шығару (10 балл);
5) қолдану (25 балл).

Рейтинг балдарының бағаларға сәйкестігі:


51-60 балл-5; 41-50балл-4, 31-40балл-3..


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет